Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Тақырыбы: Су-тұз алмасу бұзылыстарының диагностикасы. Мақсаты



бет59/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   149
Тақырыбы: Су-тұз алмасу бұзылыстарының диагностикасы.
Мақсаты:
Организмде су-тұз алмасу бұзылыстарының түрлерін, себептерін және алмасу механизмдерін қарастыру.
Организм үшін судың маңызы өте үлкен. Ол көптеген органикалық және бейорганикалық заттарды, газдарды, ерітіп олардың тасымалдануын, алмасуын қамтамасыз етеді; организмнің ішкі ортасын бірімен-бірін және сыртқы ортамен байланыстырады. Ересек адам денесінің 60%-ы, жаңа туған бала организмінің 80%-ы судан тұрады. Судың 70%-ға жуығы жасуша ішінде, 30%-ы оның сыртында орналасқан. Тәулігіне организмге түсетін судың мөлшерімен, одан шығарылатын судың арасында қатаң тепе-теңдік болады. Организмде судың алмасуы электролиттердің алмасуымен тығыз байланысты. Судың алмасуы айналымдағы қанның көлемімен және осмостық қысымның деңгейімен реттелінеді. Айналымдағы қан көлемі төмендеуі ірі артериялар мен жүрек қуыстарындағы көлемдік рецепторларды (волюморецепторлар) қоздырып, әлдостеронның түзілуін көбейтеді. Әлдостерон бүйрек түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуін ұлғайтады. Натрий иондары қанның осмостық қысымын көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. Осыдан гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында антидиурездік гормон (вазопрессин) түзілуі артады. Осының нәтижесінде бүйректің несепті қоюландыру қызметі атқарылады.
Вазопрессиннің екінші қасиеті қан тамырларын жиыру, тегіс ет жасушаларының жиырылуын туындатады.
Вазопрессиннің бұл екі әсері де қансыраудан сақтандыруға бағытталған организмнің маңызды бейімделу жолдары. Біріншісінің нәтижесінде бүйрек өзекшелерінде судың кері қанға сіңірілуі болады да, айналымдағы қанның көлемін арттырады. Қан тамырларъшың жиырылуы нәтижесінде қан қысымы: көтеріледі.
СУ МЕН ЭЛЕКТРОЛИТТЕР АЛМАСУЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМДЕРІ
Су мен электролиттер алмасуының өзгеруі көптеген ағзалар мен жүйелердің қызметтері өзгеруіне жөне өмірге қауіп төндіретін гомеостаздың қатты бұзылысы болып есептеледі.
Су мен электролиттер алмасуының барлық бұзылыстары екіге бөлінеді: 1. организмнің сусыздануы (гипогидратация), оның ауыр түрі — эксикоз; 2. организмнің сулануы (гипергидратация). Олар өз алдына изосмостық, гипосмостық және гиперосмостық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет