Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет2/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
Биологическая-химия-Бакалавриат-каз

2.2 Пәннің мақсаты: адам ағзалары мен тіндерінде өтетін негізгі метаболизмдік процестердің молекулалық механизмдері мен реттелуі және олардың ерекшеліктері жөнінде біртұтас көзқарас қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:

  • фармацевт дайындау барысында биохимияның рөлі туралы түсінік

қалыптастыру;

  • тірі организмдердегі нәруыздардың, көмірсулардың, липидтердің, басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері мен биологиялық функциялары туралы білім беру;

  • метаболизмдік процестер реттелуінің, заттек алмасуының және энергия трансформациялануының биохимиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

  • организмдегі ең маңызды ағзалар мен тіндердің молекулалық құрылысы және олардың метаболизмдік ерекшеліктері туралы түсінік беру;

  • дәрілер метаболизмі мен аурулар диагностикасындағы ғылыми, клини- калық мәселелерді қазіргі негізгі биохимиялық тұрғыдан шешу жолдары туралы түсінік беру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент
білу керек:

  • биохимия пәнінің мәні мен міндеттерін;

  • фармацевттің кәсіби қызметіндегі биохимияның маңызын;

  • биохимиялық анализдер жасау әдістерін;

  • метаболизмдік процестердің реттелуі мен ағымының молекулалық механизмдерін;

  • биомембраналардың құрылымы мен функциясын;

  • тамақтану биохимиясы мен биоэнергетиканың негізгі ережелерін;

  • нәрлі заттектердің метаболизм жолдарын;




  • адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың қалыпты және патология жағдайындағы негізгі биохимиялық константаларын;

  • заттек алмасуының реттелу негіздерін және осы процестегі витаминдердің, гормондардың рөлін;

  • молекулалық аурулардың пайда болу механизмдері мен диагностикасының принциптерін;

  • ферменттердің әсерімен дәрілердің өзгерістерге ұшырау жолдарын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет