Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Жарақат және әсіресе хирургиялық араласулар кезінде СРБ анықтауға көңіл қою керек



бет30/148
Дата23.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75815
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Жарақат және әсіресе хирургиялық араласулар кезінде СРБ анықтауға көңіл қою керек. Екі күн аралығында СРБ концентрациясы 150 мг/л дейін артады немесе оданда жоғарылайды. Егерде асқынулар болмаса, онда СРБ концентрациясы келесі 3-5 күнде төмендейді. Егер СРБ концентрациясы хирургиялық араласулардан кейін 4-5 аралығында 200 мг/л жоғары болса, онда асқынудың болғандығын көрсетеді (жиі түрде пневмонияның). Летальдық жағдайдың 1-2 күн алдында СРБ деңгейі күрт жоғарылайды. Қосымша. Қалыпты жағдайда СРБ деңгейі жоғары емес. Қолда бар әдістер СРБ жоғары концентрациясын анықтауға мүмкіндік жасады. Жақында СРБ анықтаудың жоғарысезімталды әдісі өңделді. СРБ бастапқы концентрацисы деген түсінік енгізілді, яғни ол нақты денісау адамдарда, сондай-ақ пациенттерде жедел қабыну процессі болмаған жағдайда немесе аурудың қабынбаған кезінде білінеді. СРБ бастапқы концентрациясын өлшеу жедел миокард инфарктісінің, ми инсультінің даму дәрежесін және жүрек-қан тамырлары ауыруымен ауырмайтын адамдардың кенеттен жүректен өлетінін бағалауға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеулер көрсетті, яғни адамдарда СРБ ұлғаю тенденциясы миокард инфарктісі мен инсульттің предикторы болып саналады. СРБ концентрациясының 1,0 мг/л аз болуы кезінде тамырлық асқынулардың қауіптілігі (ӨМИ, инсульт) – минимальді, 1,1 1,9 кезінде – төмен, 2,0 2,9 кезінде – әлсіз, 3 мг/л артық кезінде – жоғары.
СРБ және жүктілік. СРБ жоғарылауымен жүкті әйелдер жүктіліктің 5-19 апта аралығында мерзімінен бұрын босануға жоғары қауіптілікке ие. Мерзімі жеткен жүктілік кезінде СРБ 2,4 мг/л, мерзімінен бұрын босанған жағдайда – 3,2 мг/л құрады. Ал СРБ – 8 мг/л кезінде және одан жоғары болған жағдайда мерзімінен бұрын босану айқындылығы басқада қауіптілік факторларына тәуелсіз 2,5 есеге артады.
2006 жылы СРБ көптген қызметтерінің тізіміне тағыда бір және күтпеген жағдай қосылды. Яғни, семіздіктің себептерінің бірі лептин гормонының СРБ мен өзараәсерлесуі болып саналады. Лептин май тіндерінің жасушаларымен синтезделеді, сондықтан оның деңгейі салмақ артқан сайын жоғарылайды. Лептин, гипоталамуста орналасқан, арнайы рецепторлармен байланысқан кезде, ағза тамақты сіңіруді тоқтату және жинақталған энергияны жұмсауды бастау туралы сигнал алады. Соған қарамастан, семіз адамдардың ағзасында лептиннің жоғары мөлшері өндіріледі, ол қандайда бір себептермен қажетті әсер көрсетпейді. Яғни, бұның себебі – лептиннің СРБ мен байланысуы, оның деңгейі семіз адамдардың қанында жоғары. Жалпы алғанда, СРБ байланысты семіздік кезінде оң кері байланыс туындайды – «салдар өзінің себебін стимулдайды». Семіздіктің артуы – май жасушаларында лептин мен СРБ көп мөлшерде синтезделеді, СРБ лептинді инактивтейді, бұл тәбетті арттырады, яғни семіздік артады және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет