Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет10/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Классификациясында даму себептері, механизмдері және клиника – морфологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Даму себебі тұрғысынан, некроз: травмалық (жарақаттық), уыты әсерлік, трофоневроздық; аллергиялық, қан тамырлық түрлерге жіктеледі.
Даму механизмі. Жасушалар мен тіндердің өлу механизмі күрделі әрі патогендік факторлардың сипатына, некроз дамыған тіннің құрылыс – қызметтік ерекшеліктеріне, организмнің реактивтілігіне, тұқымқуалау – денетұрқылық факторларға тәуелді. Некроз патогендік фактордың әсер ету механизміне қарай, тікелей некроз (жарақаттық және уытты әсерлік некроз) және тамырлардың, нерв-эндокриндік жүйенің қатысуымен жүзеге асатын жанама некроз (трофоневроздық, аллергиялық, тамырлық некроз) түрлерге бөлінеді.
Коагуляциялық (құрғақ) некроз қалыптасқан жерлер құрғақ, қатты, бозғылт сары түсті болады. Құрғақ некроз белоктардың денатурациялану үдерісіне негізделетіндіктен, еруі қиын қоспалар түзіліп, олар гидролиздік ферменттер әсер еткенде ұзақ уақыт жидімейді әрі тіндер суын жоғалтып, құрғайды. Құрғақ некроз үшін әсіресе белокты, суы аз тіндер қолайлы. Некроздың бұл түріне инфекциялар (іш сүзегі мен бөртпе сүзектер) мен жарақаттан дамитын бұлшықеттің балаусыздық, яғни Ценкер некрозы (Ценкер сипаттаған) мен туберкулез, мерез, алапес, лимфогранулематоз себеп болатын ірімтікті (творожистый) некроз, аллергиялық және аутоиммундық аурулардың фибриноидты некрозы мысал бола алады.
Колликвациялық (ылғалды) некроз кезінде өлі тін жидіп, жылауық (киста) қалыптасады. Ол белогы аз, суы мол, гидролиздік үдерістерге қолайлы тіндерге тән. Сондықтан ылғалды некроз мида немесе жұлында дамып, жұмсақ немесе жидіген ошақ қалыптасады. Бұл үдерістің айқын бейнесі – мидағы жұмсарған бозғылт реңді ошағы (ишемиялық инфаркт). Жидіген құрғақ нероз ошағын салдарлық колликвация деп атайды.
Аралас дистрофиялар
Аралас дистрофиялар дамыған кезде бұзылған метаболизмнің морфологиялық бейнесі мүшелер мен тіндердің паренхимасында ғана емес, олардың стромасында және қан тамырларының қабырғасында қалыптасады; күрделі белоктар - хромопротеидтер, нуклепротеидтер мен липопротеидтер және минералдардың алмасуы бұзылады.
Хромопротеидтер — боялған белоктар немесе эндогендік пигменттер организмнің тіршілігінде маңызды роль атқарады. Хромопротеидтердің қатынасуымен тынысалу (гемоглобин, цитохромдар), секреттердің (өт) түзіліп бөлінуі, организмді сәулелік энергиядан қорғау, темірдің (ферритиннің) қорын толықтыру, витаминдердің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету және т.б. әрекеттер жүзеге асырылады. Пигменттердің алмасуы вегетативтік жүйке жүйесі мен эндокриндік бездер арқылы реттеліп, қан жасам мүшелері мен ретикула-эндотелийлік жүйелердің кызметімен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет