ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы студенттерге арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ


Тақырып №2: Нейронның физиологиялық қасиеті, шеткері



бет5/22
Дата26.04.2023
өлшемі279 Kb.
#87020
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Методичка-Фарм-1курс-каз

1.Тақырып №2: Нейронның физиологиялық қасиеті, шеткері
жүйелер және мионевральдық синапстар.
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы:

  1. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі тиіс:

Студент жасай білуі тиіс:

  • физилогияның мақсаттарын

  • физиологияның зерттеу әдістерін

  • физиологиялық іс-әрекеттерді

  1. сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Базистік білім бойынша

Негізгі сабақ бойынша сұрақтар

  • Организмнің жас кезеңдерінде дамуы

  • Физиологиялық іс-әрекеттерді меңгеру

  • Организмнің құрылымы мен қызметі

  • Қозғыш тіндер физиологиясын

  • Қозу мен қозғыштық

  • Қозғыштықтың кезеңдерін

  • Биопотенциалдар

  • Мебраналық потенциал

  • Жүйке талшықтарының қозуды өткізуі

  • Парабиоз

  1. Ақпараттық- дидактикалық блок

Физиология тірі организм мен оның жүйке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Организмнің жас кезеңдерінде дамуы:
Адам организмі біртұтас жүйе түрінде онтогенездік кезеңдерінде өсіп тіршілік жасайды. Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдерінесәйкес өзгеріп отырады.
Қозу барысында мембраналық потенциал (МП) әрекет потенциалына(ӘП) айналады. Тірі организмде көптеген потенцаиалдар кездеседі: МП, локалды жауап, Әп, ілеспелі потенциалдары, постсинапстық қоздыру және тежеуші потенциалдар. Осылардың ішінде мембраналық потенциал мен әрекет потенциалы бұрынырақ және әлдеқайда толық зерттелген. МП- протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық. Мембрананың сыртқы беті әдетте оң, ал іші беті теріс зарядталған. Тірі тінде биопотенциалдардың пайда болуы жөнінде мембраналық –иондық, фазвалық, заттар алмасу, көп электрлік теориялар бар. Мембраналық –иондық теория бойынша мембраналық потенциалдың пайда болуы протоплазма мен жасушааралық сұйықтағы иондық өлшемдестікке байланысты. Осы себепті мембрананың екі беті (ішкі ,сыртқы) әртүрлі зарядты. Иондық теңсіздік біріншіден мембрананың құрылыс ерекшеліктерімен бірге оның іріктеп өткізу қасиетіне байланысты болса, екіншіден мембранада орналасқан калий-натрий тартқышы қызметіне байланысты.Жасушаның іші мен сыртындағы иондар теңсіздігі потенциалдар айырмашылығын тудырады. Әдейі қойылған тәжірибеде жүйке талшығын аксоплазмадан босатып, оның орнына сұйық калий ионын құйып, содан соң, сұйық калий ионына толтырса, мембрананың екі бетінде потенциал айырмашылығы, яғни ток пайда болады. Бұл тәжірибеден сондай-ақ мембрананың екі бетіндек катиондар саны бірдей болмаса да ток пайда болатынын көруге болады.
Белгілі бір тінде тітіркендіргіштің әсерінен қозу үрдісі пайда болған сәтте туатын потенциал- әрекет потенциалы. Тін қозған мезгілде мембраналық потенциалдың мөлшері біртіндеп төмендеп барып жоғалып кетеді де потенциалды тіркейтін аспап «О»-ді көрсетеді. Мембрананың сыртындағы заряд қарама-қарсы өзгеріп потенциал қайта пайда болады. Мембраналық потенциалдық жоғалып барып қайта көтеріліп «шың» дәрежесіне жету кезеңін әрекет потенциалының деполяризация кезеңі (керіүйектеліс) деп атайды. Бұдан соң ӘП-ы төмендеп біртіндеп МП мөлшері мен заряды бұрынғы қалпына келеді. Бұл мерзімді ӘП-ның реполяризация кезеңі(қайтаүйектеліс) дейді.



  1. Қолданылған әдебиеттер:

1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.

  1. Тестер :



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет