ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы студенттерге арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ


~Мембрана гиперполяризациясы ...әсерiнен пайда болады



бет7/22
Дата26.04.2023
өлшемі279 Kb.
#87020
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Методичка-Фарм-1курс-каз

~Мембрана гиперполяризациясы ...әсерiнен пайда болады.
| ГАМҚ ,глицин+
| элекрлiк тiтiркендiргiш
| ацетилхолин
| адреналин
| температуралық тiтiркендiргiш


1.Тақырып №3: Еттердің физиологиялық қасиеттері, жіктелуі.
Бірыңғай салалы бұлшықеттердің функциональдық
ерекшеліктері.
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы: Физиология пәнінде ет жүйке жүйесін білу маңызды және оның клиникалық мақсатта қолдану қажет.
4.Сабақтың мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  • еттердің құрлылын

  • еттердің орналасу заңдылықтарын

Студент жасай білуі тиіс:

  • еттердің тітіркену әрекеттерін бақылауды

  • қозғыш тіндердің негізгі қасиеті туралы және МП мен ӘП-лы жөнінде білу

5.сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Базистік білім бойынша

  • Қозғыш тіндер физиологиясы

  • Клеткалық мембрананың қызметі және құрылымы

  • Клеткалық мембрана және иондық каналдардың негізгі қасиеттері

  • Қозғыш клеткаларды зерттеу әдістері

  • Тыныштық потенциалы

  • Әрекет потенциалы

  • Қозғыш тіндерге электр тогының әсері

Негізгі сабақ бойынша сұрақтар

  • бұлшықеттер жалпы физиологиясы

  • бұлшықеттердің жиырылуын, физиологиялық қасиеттері

  • бұлшықеттің жиырылу түрлері

  • бұлшықеттің босаңсу және жиырылу механизмі

  • бұлшықеттердің жиырылу күші, жұмысы, қажуы

  • бірыңғай салалы бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері

6Ақпараттық- дидактикалық блок
Адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тіні құрылымына қарай көлденең жолақты қаңқа еті, көлденең жолақты жүрек еті және бірыңғай салалы бұлшықеттің қасиеттері қаралады.
Көлденең жолақты еттер қатарына қаңқа еттері, тіл көз, жұтқыншақ, көмей өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттер жатады. Қаңқа еттерінің қызметі миқыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде ерікті қимыл әрекеттерді қамтамасыз етеді.
Бірыңғай салалы бұлшықеттің де адам (жануар) үшін маңызы өте зор. Ол теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің қан және лимфа тамырларының, өкпе, кеңірдек, жыныс ағзаларының қабырғаларында орналасқан. Бұл ет аталған қуысты ағзалар мен түтіктерді кеңейтіп тарылтады да бүкіл ішкі ағзалар қызметіне әсер етеді. Бұлшықет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер- қозғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшықеттің ерекше қасиеті- жиырылу. Ет тіннің қозғыштық дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анықталады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшықеттің тітіркендіру табалдырығы бәрінен де жоғары болады.
Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшаңдығы сомалық жүйке талшықтарыныкінен көп төмен. Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдықпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, ал бірыңғай аллалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды.
Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда, шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы собай тұрғандағы қалпына келеді.
Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті – жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқартып қатаюы (тонусының жоғарылауы).
Жүрек еті мен кейбір бірыңғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етті адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия). Ал керісінше үлкейіп, бұлшықеттің көлемі ұлғаяды (гипертрофия) болады.
Тәжірибе жүзінде етті тікелей өзіне не жүйке арқылы әсер ете отырып қоздыруға болады. Бұлшықеттің жиырылуы оның сырттан келіп түскен тітіркеніске жауабы. Бір эфференттік жүйке тармақталып көптеген ет талшықтарымен түйісіп соншама мионевралдық түйіспе құрады. Бұл бұлшықеттің қозғалтқыш бірлігі (моторлық бірлік) боп саналады. Қозғалтқыш бірлігіндегі ет талшықтарының жалпы саны 3-6-дан 2000-ға дейін жетеді. Мысалы, саусақ бүгетін бұлшықеттің қозғалтқыш бірлігінде 10-25, дене мен қол етінде 500, балтыр етінде 2000 ет талшығы болады. Қозғалтқыш бірлігіндегі ет талшықтары жүйке талшығынан келген серпініске түгелдей бір мезгілде жиырылады. Жылықандыларда тез және баяу жиырылатын моторлық бірліктер болады. Тез жиырылатын еттер ақ еттерде, ал бояу жиырылатындар қызыл еттерде кездеседі.
7.Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тақырып бойынша дәріс.

  2. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

  3. қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

  4. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

  5. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

  6. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

  7. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

  8. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

  9. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

  10. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.

8.Тесттер :


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет