ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет54/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Ньютонның қорытындысы: түстерінде айырмашылығы бар сәуле шоқтары сыну дәрежелері бойынша өзгешеленеді. Ең көп сынатын күлгін сәулелер, барлығынан аз сынатын қызыл сәулелер. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін, Ньютон дисперсия (шашамын) деп атады. Сыну көрсеткіші сәуленің зат ішіндегі жылдамдығына тәуелді: n= ; мұнда -жарықтың зат ішіндегі жылдамдығы, с – вакуумдегі жарық жылдамдығы.
Қызыл түсті сәуленің зат ішінің жылдамдығы үлкен болғандықтан – аз сынады, ал күлгін түстің жылдамдығы аз болғандықтан – көп сынады. Міне сондықтан да призма жарықты жіктейді. Бостықта әр түсті жарықтың жылдамдығы бірдей. Жарық жылдамдығы толқын ұзындығына немесе тербеліс жиілігіне тәуелді.
Дисперсия деп жарықтың сыну көрсеткішінің тербеліс жиілігіне не толқын ұзындығына тәуелділігін айтады.
Бірде – бір жарық көзі монохроматтты жарық, яғни белгілі бір ғана толқын ұзындығы болатын жарық шығармайды.
Жарық көзінен шыққан энергия, жарық шоғының құрамына кіретін, барлық ұзындықтағы толқындар бойында белгілі бір тәртіппен үлестірілген. Жарық көзінен шыққан энергия, жарық шоғының құрамына жататын,барлық ұзындықтағы толқын бойынша белгілі тәртіппен үлестірілген. Толқын ұзындығы мен жиіліктің арасында мынадай қарапайым байланыс с болғандықтан, энергия жиіліктерге қарай үлестірілген деуімізге болады. Күн немесе доғалық фонарь сәулесінің спектрі үздікзіз болып табылады. Бұл – спектрде барлық толқын ұзындықтары бар деген сөз. Спектрде үзік жоқ және спектрографтың экранынан әр түрлі тұтас жолақтарды көруге болады.
Айқын спектр беретін, ұзындықтары әр түрлі толқындарды жақсы ажырататын приборлар – спектрлік аппараттар деп аталады. Олардың негізгі бөлігі ретінде призма немесе дифракциялық тор болып келеді.
Жиіліктердің бірлік интервалына келетін интенсивтік, сәуле шығару интенсивтігінің спектрлік тығыздығы j деп аталады.
Спектрдің шығару және жұтылу спектрлері деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысы үздіксіз, сызықтықтық және жолақ деп аталатын спектр түрлеріне бөлінеді:
1. үздіксіз спектрлерді қатты немесе сұйық күйдегі денелер, сондай – ақ қатты сығылған газдар береді. Үздіксіз спектр шығарып алу үшін денені жоғарғы температураға дейін қыздыру керек. Үздікзіз спектрдің сипаты және оның бар болуы тек жеке атомдардың сәуле шығарғыштық қасиетіне ғана емес, сонымен бірге өте жоғарғы дәрежеде атомдардың бір – бірімен өзара әсеріне де тәуелді анықталады.
2. сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық заттар береді. Сызықтық спектрлерді бақылау үшін заттың жалынындағы будың жарқылы немесе зерттелетін газ толы түтіктегі газ разрядының жарқылы пайдаланылады.
3. жолақ спектрлерді бір – бірімен байланысқан молекулалар туғызады.
Атомдары қозған күйде болатын барлық заттар, энергиясы белгілі бір түрде толқын ұзындықтарына қарай бөлініп, таралған жарық толқындарын шығарады. Сондай – ақ заттың жарықты жұтуы да толқын ұзындығына тәуелді. Егер ақ жарықты суық, сәуле шығармайтын газ арқылы жіберсек, жарық көзінің үздіксіз спектрінің бетінде қара сызықтар пайда болады. Бұл сызықтар – жұтылу сызықтары, олардың жиынтығы жұтылу спектрлерін түзеді. Кез – келген химиялық элементтің атомдары, барлық басқа элементтердің спектрлеріне ұқсамайтын спектрлер береді: олар тек белгілі толқын ұзындықтарын шығаруға қабілетті.
Көрінетін сәуле шығарумен көршілес инфрақызыл және ультракүлгін деп аталатын сәулелер бар.Ұзындығы қызыл жарық толқынының ұзындығынан артық толқындар инфрақызыл толқындар деп аталады. Оларды қызған денелер шығарады. Инфрақызыл сәулелер лак қосылған бояуларды, көкөністер мен жемістерді кептіру үшін пайдаланады. Көзбен көріне қоймайтын объектінің инфрақызыл кескінін көрінетін кескінге айналдыратын құралдар жасалған. Қараңғыда көруге мүмкіндік беретін дүрбілер мен оптикалық көздегіштер дайындалады.
Толқын ұзындықтары күлгін жарық толқынының ұзындығынан қысқа электромагниттік толқындар ультракүлгін толқындар деп аталады. Ультракүлгін сәулелердің химиялық активтілігі жоғары болып келеді. Ультракүлгін сәулелер көру бейнесін туғызбайды, олар көрінбейді. Бірақ ол көз тор қабаты мен теріге орасан зор әсер етеді және бүлдіреді. Шыны ультракүлгін сәулелерді көп жұтады. Сондықтан көрінетін спектрге арналған мөлдір шыны көзілдірік те көзді ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Ультракүлгін сәулелер организмнің өсуіне жіне нығаюына себебін тигізеді. Олар бактерицидті әсер көрсетеді. Ультракүлгін сәулелер орталық нерв жүйесіне әсер тигізеді. Олар ауру туғызатын бактерияларды жояды, сондықтан осы мақсат үшін медицинада пайдаланылады. Кез келген химиялық элементтің атомдары басқа элементтердің спектрлеріне ұқсамайтын жеке спектрлер береді: олар белгілі ұзындықтағы толқындар жиынтығын ғана шығарады.
Адамның саусақтарындағы таңба сияқты сызықтық спектрлердің қайталанбайтын ерекшелігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет