ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет62/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау : ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин
1. Динамика.
2. Механикалық қозғалыс?
Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин

22 сабақ


5.1. Тақырыбы: Электростатика.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Электр зарядының сақталу заңы мен электростатиканың негізгі заңы Кулон заңымен таныстыру.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;

  • сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;

  • өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;

Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Кулон заңы.
2.Электр өрісі.
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Табиғаттағы барлық процесстердің негізінде, денелердің немесе бөлшектердің өзара әсерлесуі жатыр.
Бұл табиғаттағы барлық денелердің атомдар мен молекулалардан тұратындығы, олардың құрамы электр және магнит өрістерімен қоршалған үздіксіз қозғалыстағы электрлік зарядталған бөлшектер.
Электр зарядтарының өзара әсерлесуі электромагниттік әсерлесу деп аталады.
17 ғасырда электромагниттік әсерлесудің электр зарядымен сипатталатыны табылды және олар оң және теріс зарядтар бола алады.
Электромагниттік теорияны зерттеу адам өміріне үлкен үлес әкелді. Осындай зерттеулердің арқасында аламзат арзан электр энергиясын алды және электрлік өткізгіштер арқылы информация жіберу мүмкіндіктеріне ие болды.
Массасы бар элементар бөлшектердің электр заряды бар. Электр заряды өзінен өзі пайда болмайды. Электр заряды жоқ бөлшектер болады. Заряд тасушылар тек бөлшектер бола алады, ал бөлшектерсіз электр зарядының бар болуы мүмкін емес.
Жалпы жағдайда электр зарядын q және Q әріптерімен белгілейді. Электр зарядының өлшем бірлігі 1 Кл (Кулон). Таңбалары бірдей зарядтар бір-бірін тебеді, ал таңбалары әр түрлі болған жағдайда зарядтар бір-бірін тартады.
Протон-оң зарядталған бөлшек, ал электрон – теріс зарядталған бөлшек .
Электронның заряды: е=1,610-19 Кл.
Тұйық жүйеде барлық бөлшектер зарядтарының қосындысы, жүйенің ішкі кез-келген өзгерісінде өзгермейді. Бұл электр зарядының сақталу заңы деп аталады.
q1+ q2+ q3+…+ qn=const
Қозғалмайтын зарядталған екі нүктелік дененің өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады.
Кулон заңы: , мұндағы q1 q2 - зарядтар; F – зарядтардың әсерлесу күші; k - пропорционалдық коэффициент; r – зарядтардың ара қашықтығы.
, мұндағы 0 - электрлік тұрақтысы:
Фарадей идеясы бойынша электр зарядтары біріне-бірі тікелей әсер етпейді. Олардың әр қайсысы өзін қоршаған кеңістікте электр өрісін тудырады. Бір зарядтың өрісі басқа екінші зарядқа әсер етеді және керісінше осы екінші заряд өрісі бірінші зарядқа әсер етеді. Зарядтар қашықтаған сайын өріс әлсірей береді.
Өріс материалы: ол бізге, ол туралы біздің білімімізге тәуелсіз өмір сүреді.
Өріс белгілі қасиеттерге ие, осы қасиеттер бізге қоршаған әлемдегі басқа бір нәрселермен шатастырмау мүмкіндігін береді.
Электр өрісі – бұл электрлі зарядталған денелер қоршаған материаның формасы.
Электр өрісінің негізгі қасиеттері – оның электр зарядтарына белгілі бір күшпен әсер ететіндігінде.
Қозғалмайтын зарядтардың электр өрісі – электростатикалық өріс деп аталады. Электростатикалық өрісті тек электр зарядтары ғана туғызады. Ол сол зарядтарды қоршаған кеңістікті алып тұрады да зарядтармен тығыз байланыста болады.
Электр өрісі кеңістікте вакуумдегі жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен таралады: с3*108 м/с.
Электр зарядтары мен айнымалы магнит өрісі электр өрісінің көзі болып табылады.
Электр өрісінің негізгі сипаттаушы күші кернеулік (Е) болып табылады.
Кернеулік – бұл өрістің берілген нүктесіне орналастырылған зарядқа әсер ететін күштің, сол зарядқа қатынасы: [E]= H/Кл Өріс кернеулігі.
F - зарядқа әсер етуші күш . q - заряд.
Күш сияқты электр өрісінің кернеулігі де векторлық шама.
Нүктелік заряд q0 тудыратын электр өрісінің кернеулігін табалық. Кулон заңы бойынша бұл заряд екінші бір q зарядқа мынадай күшпен әсер етеді: , мұндағы F=Eq осыдан кернеулік мына түрге келеді: егер онда
Егер түрлі зарядталған бөлшектер кеңістіктің берілген нүктесінде кернеуліктері
, , және т.б. болатын электр өрістерін тудыратын болса, онда өрістің сол нүктедегі қорытқы кернеулігі мынаған тең: + + +.... суперпозиция принципі .
Егер кеңістіктің бірнеше нүктелерінде өрістің кернеулік векторларын сызатын болсақ, онда біз өрістің таратылып орналысуы туралы біраз түсінік аламыз.
Егер әр нүктесі арқылы өтетін жанамалар, кернеулік векторымен беттесетіндей етіп үздіксіз сызықтар жүргізсек, онда мұндай сызықтар электр өрісінің күш сызықтары немесе кернеулік сызықтары деп аталады.
Кеңістіктің барлық нүктелеріндегі кернеулігі бірдей болатын электр өрісі біртекті өріс деп аталады.
Қарама-қарсы таңбамен зарядталған, үлкен металл пластиналар біртекті өріс тудырады. Бұл өріс q зарядқа Жердің өз бетіне жақын жатқан тасқа F=mg тұрақты күшпен әсер ететіні сияқты, тұрақты күшпен әсер етеді.
Егер қарама-қарсы зарядталған пластиналар вертикаль орналастырылған болса, әр түрлі пластиналардағы зарядтар бірін-бірі тартып жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет