ІІІ. Шетел тілі пәні бойынша практикалық жұмыс түрі
Білім беру бағдарламасы бойынша шетел тілі пәнін оқытуда әр сабақты сөйлеу органдарының артикуляция, тіл және ерінге арналған жаттығуларынан бастаған жөн.
Фонетикалық курста:
оқытушы ағылшын дауыстыларының төрт түрлі буында оқылу ережесіне сай орындайтын үй тапсырмасын құрастыру;
оқытушы ағылшын дауыстыссыздарының құпия сырларын меңгеруге арналған орындайтын жаттығулар дайындау;
буын және буынға бөлу, екпін, ырғақ оны белгілеу тәсілдерін игеруге арналған мәтін жолдарын таңдап, жеке-жеке тапсырма беру;
күнделікті қолданыстағы ( артикль, есімдік, септік, сөз тәртібі т.б.) ережелеріне арналған материалдар дайындау;
мәтінді дұрыс айтылуын тексере отырып оқыту, жаңа лексика бойынша білімін бақылау, жаңа сөздер және тұрақты тіркестермен жұмыс жасау, орфографиялық тұрғыдан тексеру.
Негізгі курста:
Жоғары оқу орнына дейін шетел тілінде қалыптасқан білім алушылардың білімін тереңдетуге арналған ағылшын тілі грамматикасы бойынша орындауға арналған жоспар құру;
әртүрлі тақырыптар бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тілдк құралдарды, сөйлеу жолдарын үйретуге арналған қосымша жаттығулар құрастыру;
жай және күрделі сөйлеу әрекеттеріне қажетті нақты лексикалық материалдармен қамтамасыз ету;
сөйлемдерді әртүрлі конструкциялар мен модельдеу үлгілері бойынша құрастыруға тапсырмалар дайындау;
мәтін түсініктемесін айтуға, суреттерді сипаттауға, жағдаят арқылы диалог құрастыруға арнайы тапсырмалар беріп, тілдік материалдарды терең меңгеруге мүмкіндік жасау;
тілдік әрекеттердің іске асу жоспарын ( сұраққа жауап алу, үйде оқылатын әдебиеттер негізінде ойын жеткізіп түсінік айту, шығарма жазу, екуара сөйлесу т.б.) бақылап, орындалатын жұмыстың нәтижесін бағалау.
Қорыта айтқанда, практикалық жұмыстың атқару мерзімін сақтауды талап ету, сапалы орындау мен атқарылған жұмысқа жауаптылықтын таныту,кәсіби танымдық әрекеттерге деген қызығушылығын қалыптастыру, шетел тілі пәні саласы бойынша білімін тереңдету қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |