ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк


Курстық жұмысты орындау тәртібі



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата14.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#113947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
 
Курстық жұмысты орындау тәртібі 
Курстық жұмыстарды орындауды тӛмендегі кезеңдерге бӛлген жӛн, тақырып 
таңдау, әдебиет жинақтау және оны зерттеу нақты стилистикалық материалды жинау 
және ӛңдеу жұмысты жазу, курс жұмысын рәсімдеу, курс жұмысын қорғау.Кафедра 
ұсынған тақырыптар арасынан студент ӛзіне тақырып таңдау қажет, кей жағдайда, 
кафедра тізіміне енбегін тақырыпты студент ӛзі ұсынуға құқылы. Кафедра тақырып 
тізімін құрастырғанда, оның оқу әдебиетімен сәйкес келуін қадағалайды, студентті 
жұмыстың мағынасын ашуда, методологиясын анықтауда ӛзіндік жұмысқа бағыттау 
қажет. Тақырып тізімін дайындауда, оқу тобында бір тақырыпты тек қана бір студент 
орындауын ескеру қажет. Тақырып таңдағаннан кейін студент каталог бойынша 
әдебиеттер тізімін дайындап, оны оқуы қажет. Ол жұмысты кафедра ұсынған осы пәннің 
жұмыс бағдарламасында және семинар сабағының әдістемелік нұсқауында кӛрсетілген 
әдебиетті зерттеуден бастауы керек. Мерзімді баспа материалын курстық жұмыс 
мәселелерін толығырақ ашатын еңбектерден бастау дұрыс, ал кейін алдыңғы 
басылымдарға ӛту қажет. Әдебиетті жинап, оқып болғаннан кейін студент курстық 
жұмыстың жоспарын дайындайды. Жоспар жұмыстың негізгі мәселелерін толық ашу 
керек, курстық жұмыстың құрылымына сай болуы керек. Жоспар құрылғаннан кейін, оны 
жетекшісімен бірлесе отырып бекітуі қажет. 
Курстық жұмысты рәсімдеу 
Негізгі бӛлімнің кӛлемі А4 форматтағы компьютерде терілген 20-25 бетті, 
қолжазбамен 30-40 бетті құрайды. Пайдаланылған әдебиеттер саны 10-15 тен кем болмауы 
тиіс. Курстық жұмыстың терілуінің талаптары: Курстық жұмыс стандартты А4 қағазда 
жазылады; Сол жағынан - 30 мм, оңжағынан – 10 мм, жоғары жағынан - 20 мм, тӛменгі 
жағы – 20-25 мм қалдырылады. Барлық цитаталар мен сандық кӛрсеткіштерге, деректерге 
сілтеме берілу керек. Курстық жұмыс беттеріне рет саны қойылу қажет, әрбір тарау жаңа 
беттен жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет