Курстық жұмысты қорғау тәртібі Курстық жұмысты қабылдау кестесі емтихан сессиясының басталуынан екі апта
бұрын бекітіледі. - Студент орындаған қурстық жұмысын жетекшісіне тексерту ҥшін
тапсыру керек. - Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, студент кӛрсетілген ескертулерді
қарап, оны ӛңдеп болған соң кафедраға қайта ұсынады. - Егер жұмыстың ӛзіндік сипаты
болмаса немесе басқа авторлардан, деректерден кӛшірілсе, қойылатын мәселелердің мән-
мағынасы толық ашылмаса қорғауға жіберілмейді. - Студент курстық жұмысты толық
дайындағанда, ғылыми жетекшінің ұсынысымен қорғауға жіберіледі. - Курстық жұмысты
ғылыми жетекшісінің қатысуымен, факультет деканының (кафедра меңгерушісі) ӛкімімен
бекітілген комиссия қабылдайды. - Комиссия отырыстары хаттамаға тҥсіріледі,
комиссияның тӛрағасы, мҥшелері қол қояды. - Жұмысты қорғауға, оны орындаудың
барлық талаптары орындалған жағдайда ғылыми жетекшініңа уызша және жазбаша
келісімімен жіберіледі.
Студентке: - материалды тереңталдап, игерген, тақырыптыңмазмұнын ашып
кӛрсеткен, зерттеу нәтижесі бойынша нақты қорытындылар келтірілгенде (А мен А-)
аралығындағы баға; - тақырыпты толық, жан-жақты аша алған, бірақ шығармашылық
элементтері, ӛзіндік тұжырымы жоқ жағдайда (В+, В, В- ) аралығындағы баға; - тақырып
толық ашылмаған, материалдарды талдау қанағаттанарлық деңгейде ғана жасалғанда (С+,
С, С-) аралығындағы баға қойылады. Курстық жұмысты тапсырмаған студент курс
жұмысы жоспарланған пән бойынша емтиханға жіберілмейді. Курстық жумысты белгілі
себептермен орындамаған және қорғауға жіберілмеген студенттер сессия аяқталған соң
қайта қорғауға жіберіледі.
Курстық жұмыстың түсініктемелік мәтіні Жұмыс бағаланды: Орындаған студент: