ІІ. Өзендегі қозғалыс.
ІІІ. Шеңбер бойындағы қозғалыс.
ІV.Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер.
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептер. Мұндай мәтіндік есептердің негізгі компоненттері: S – жүрілген жол, V-жылдамдық, t-уақыт.
Есепті шешудің жоспары:
Әдетте белгісіздер үшін арақашықтықты (егер ол берілмеген болса) алады немесе қозғалатын объектілердің жылдамдықтарын алады.
Бұл жағдайларда теңдеу құру үшін, ереже бойынша, мынадай пайымдауларды қолданады:
а) егер, екі объекті бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге дейін -ға тең уақыт жүреді.
б) Егер объектілер әртүрлі уақытта қозғалатын болса, онда олар кездескенге дейін бұрын шыққаны көп уақыт жүреді;
в) егер объектілер бірдей ара қашықтық жүрген болса, онда бұл ара қашықтықты бұл есептегі ортақ белгісіз шама деп қарастырған тиімді;
г) объектілер бір бағытта қозғалатын болса, біріншісінің екіншісін қуып жететін уақыты -ге тең болады.
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарған кезде мынадай ұйғарымдарды қабылдайды:
Қозғалысты бірқалыпты деп есептейді;
Қозғалыстағы денелердің бұрылуы және жаңа қозғалыс режиміне ауысуы лездік деп қарастырады.
І. Түзу бойындағы бірқалыпты қозғалыс. 1-мысал. Ара қашықтығы 900 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, олар жол ортасында кездескен. Бірінші пойыз екіншіден 1 сағ кеш шығып, екінші пойыз жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр пойыздың жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: 1) Екінші пойыздың жылдамдығын х км/сағ деп белгілейік. Есептің шартын мынадай кесте түрінде жазған тиімді.
Шамалар
Қозғалыс
Жалпы
1 пойыз
2 пойыз
S (км)
450
450
900
V (км/сағ)
х+5
х
t= (сағ)
сағат аз
2) Теңдеу құрып, оны шешеміз:
3) бұдан бұл түбір есептің шарты бойынша жарамсыз.
4)Демек, екінші пойыздың жылдамдығы 45 км/сағ, ал бірінші пойыздың жылдамдығы 50 км/сағ болған.