Кесте: 1995-2002 жылдардағы АСЕАН елдерінің экономикалық өсімі(%)
Ел
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
Бруней
4.0
-1.1
0.5
1.8
3.0
3.5
-
-
Камбоджа
7.6
7.0
4.1
4
7.6
7
1.0
0
Индонезия
8.9
7.2
7.3
7.5
8.2
8.0
4.7
-13.7
Лаос
4,0
7,0
5,9
8,2
7,1
6,9
6,5
5,0
Малайзия
8,6
7,8
8,4
9,3
9,4
8,6
7,7
-6,8
Мъянма
-0,7
9,7
5,9
6,8
7,2
6,4
4,0
1,1
Филиппин
-0,6
0,3
2,1
4,4
4,7
5,9
5,2
-0,5
А.А. Байтокова-Тешнер
33
ISSN 1563-0285 KazNU Bulletin. International relations and international law series. №2 (58). 2012
Сингапур
7,3
6,2
10,4
10,5
8,9
7,5
8,0
1,5
Тайланд
8,1
8,2
8,5
8,6
8,8
5,5
-0,4
-8.0
Вьетнам
6,0
8,7
8,1
8,8
9,5
9,3
9.3
3.5
Қайнар көзі: ASEAN Secretariat www.aseansec.org.
Экономикалық көрсеткіштер Оңтүстік-Шы-
ғыс Азия елдерінің инвестициялық перспек-
тивасының жоғары мəнге ие болуын көрсетіп
тұр. Оның себебі, аймаққа инвестиция салудағы
төменгі шығындар емес, жаңа технологиялар
мен нарыққа ену мүмкіншіліктер. Алдыңғы
саптағы ТҰК инвестициялық жоспарлары
90-жылдардың екінші жартысындағы ОША
мен жалпы Азияның экономикасының жедел
дамуына алып келетіндігіне жорамал жасады [6].
АТА елдеріне инвестиция ағымының (млн. долл.) кестесі.
Ел
1995 жылы
1999 жылы
2004 жылы
Бруней
14
7
13
Камбоджа
54
80
Қытай
3487
27515
575000
Индонезия
1093
2004
5500
Оңт. Корея
788
1777
5500
Филиппин
530
1025
2000
Сингапур
5575
5016
6502
Тайвань 1330
917
1570
Таиланд
2444
1726
2700
Қайнар көзі: World Investment Report 2004. Investment, Trade and International Policy Arrangements,
р.230 [12].
Солайша, ОША елдерінің экономикалық
өсуінің бірден-бір қайнар көзі ол шетелдік
инвестициялар болып табылды.
«Қырғи-қабақ соғыстан соң» бей тараптану
жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерін
АСЕАН көшбасшылары ядролық емес аймақ
мəртебесін берумен тығыз байланыстыра
қарастырды. Мəсе ленің ауыртпалығына қарай
тек 1995 жылы мүше-мемлекеттер Ядролық
қарудан еркін Оңтүстік-Шығыс Азия аймағын
(South-East Asia Nucler Free Zone) құру туралы
Декларацияға қол қойды. Алайда оның іс жүзінде
күшіне ену үшін Келісімшартқа қосымша бөлек
барлық державалармен қол қойылған Хаттама
болуы тиіс. Оған қол қоюдың басты тежегіштері,
ол Үндістан жəне Пəкстанды ядролық қаруы
бар мемлекеттер қатарына жатқызу мəселелері.
Келісімшарттың күшіне ену тағдыры АСЕАН
мемлекеттері жəне басқа ядролық державалардың
оларды ядролық державалар ретінде мойындау
немесе мойындамауына байланысты болып
отыр [7].
1994 жылы АСЕАН бастамасымен превен-
тивті дипломатия шеңберінде АСЕАН-тың
аймақтық форумы (ААФ) механизмі жұмыс
істей бастады. Оның мақсаты диалог жəне кеңес
беру арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия жəне де
Азия-Тынықмұхиты аймағында шиеленіссіз
даму жағдайын қамтамасыз ету. ААФ жыл
сайынғы кездесуіне аймақтан тыс елдер, соның
ішінде Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония қатысады.
ААФ шеңберінде екі «жол» бар. Біріншісімен,
ресми үкіметаралық деңгеймен жүретін диалог,
ал екіншісімен, бейүкіметтік ұйымдар мен
зайырлы топ арасындағы диалог жүреді [8].
1992 жылы Оңтүстік-Қытай теңізі жаға-
лауындағы 6 мемлекет (Бруней, Въетнам,
ҚХР,
Малайзия,
Тайвань,
Филиппиндер)
Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы
34
ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық сериясы. №2 (58). 2012
Манила декларациясына қол қойды. Ол осы
мəселеге қатысы бар барлық мемлекеттерді
даулы мəселелерді шешуде бейбіт құралдармен
шектелуін, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс
теңізі (ОҚТ) акваториясында орналасқан
аралдарда қару қолданбау əрекеттерін жəне
олардың
қорларын
бірлесіп
пайдалануға
шақырды. 1996 жылы шілдеде АСЕАН-тың
сыртқы істер министрлер конференциясында
осы аймақтағы өзара түсіністікті нығайтудың
негізі болатын ОҚТ-да «аймақтық жүріс-тұрыс
кодексі» идеясы ұсынылған болатын. Алайда
2004 жылдың соңына таман мұндай кодексті
қабылдау жағдайы мен шарттары АСЕАН пен
Қытай арасындағы көпке созылған пікірталастың
басты мəселесіне айналды.
Аймақтық серіктестер өкілдерімен (АҚШ,
Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей,
Австралия, Жаңа Зеландия, Индия, ЕО) «10 +
1» схемасы бойынша, яғни асеандық «ондық»
жəне серіктестердің бірінің қосындысы, жыл
сайынғы кездесудің жиілік кездесу сипатына
айналды. Жыл сайынғы асеандық кездесулер
келесі схема бойынша өтеді: АСЕАН сыртқы
істер министрлерінің конференциясы, ААФ
мəжілістері,
сұхбаттасу
үшін
кездесетін
постминистрлердің аймақтық емес серіктес-
терімен мəжілістері [8]. 1996 жылы Сингапур
бастамасымен аймақ-аралық ықпалдасудың
формасы ретінде Азиялық-еуропалық сұхбат
шеңберінде (АСЕМ – The Asia Europe Meeting,
ASEM) кездесулер болып тұрды. Асеан оған
көп көңіл бөледі, өйткені АСЕМ-ге біріккен 25
еуропалық жəне азиялық елдерге əлемдік ЖШӨ
54% жəне халықаралық сауданың 57% келеді
екен (1995).
1997 жылдан бастап «ондық» басшылары-
ның Қытай, Жапония жəне Оңтүстік Корея
көш басшыларымен кездесуі жиілік сипатқа ие
болды. Олар Малайзияның Тынықмұхиттық
Азия аймағында сауда-экономикалық блогын
құру ұмтылысының бастамасымен ұсынылған
болатын. Куала-Лумпурдың ойы бойынша оны
құру ЕО жəне Солтүстікамерикандық сауда
аймағы сияқты аймақтық құрылымдармен
сұхбатта шығыс-азия елдерінің (НАФТА)
мүдделерін теңестіретін еді.
АСЕАН кеңеюі деп құрамына жаңа-мү-
шелердің, бастапқыда соцлагерьдің құра мын -
дағы елдердің ассоциация құра мына қабыл-
дау үрдісі. Кеңею мақсаты – ОША бір тұтас
біріктіру. Жаңа елдер аймақ тағы басқа елдерде
бітіп жатқан табиғи шикізат көздері, яғни
орман, көмірсу жəне су ресурстары, арзан
жұмыс күшінің қайнар көзі болып табылады.
Жаңа елдерді қабылдау АСЕАН мүше-елдерінің
Батысқа қарсы тұруындағы геосаясаттық
мүдделерінің ортақтығын көрсеткен болатын.
Батыс елдерінің Мъянма үміткерлігі қатаң сынға
алынып, артынша жанжалға ұласты. Мьянманы
қабылдаудағы негізгі мақсат – Оңтүстік-Шығыс
Азияның жүрегі Оңтүстік-Қытай теңізіндегі
даулы аралдар үшін Қытайдың геосаяси жоспары
жəне де Жапония мен Батыстың экономикалық,
саяси қысымы еді.
Мьянма, Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс
Азияның теке-тірескен аймағында орналасып,
Қытаймен шекараласып жəне 90 ж. белсенді
сыртқы саясатты жүргізе отырып, егер оны
көршілері итеріп жіберсе, Қытайдың ықпал ету
аймағына түсуі мүмкін еді [9]. АҚШ пен ЕО
Мьянманы өз қатарына алғаны үшін АСЕАН
қатты сынға алды. Мьянманы бір ғана жағдай
алаңдатты, ол – Қытай мен Үндістаннан өзін
алшақ ұстау мəселесі.
Въетнамның геосаяси орналасуы – Қы-
тай мен көрші болуы жəне Оңтүстік-Қытай
теңізіндегі аралдар жəне территориялар үшін
болып тұратын жиі қақтығыстар, АСЕАН
ұйым шекарасын кеңейту жоспарларымен
дөп келді. Сонымен қатар, Қытаймен жаңа
қақтығыстардан
қорқып
Мьянма
АҚШ-
пен тығыз қарым-қатынас орната бастады.
АҚШ ұстанымының өсуі АСЕАН геосаяси
мүдделеріне сəйкес келмеді [10].
Кеңею олардың біртұтастыққа апарар өзін-
ше бір сынақ ретінде болуы мүмкін сияқты.
Кеңею АСЕАН ескі мүшелері алдында бірнеше
ауыр мəселелерді қойды, соның ішіндегі
ең маңыздысы – ескі жəне жаңа мүшелері
арасындағы экономикалық жəне саяси дамуын-
дағы əртүрлілік .
АСЕАН екі немесе үш сатылы ұйымға
айналады жəне ұйымның кедей мүшелерінің
саяси маргинализация мəселесі туындайды.
Сондықтан да жаңа мүшелердің бейімделуі үшін
АЕСА-ға кіруге уақыт беру туралы шешілді.
Вьетнам 2006, Лаос жəне Мьянма 2008 жылға
дейін мерзім алды. Кеңеюден кейінгі АСЕАН
потенциалы қомақты болып көрінетін еді.
А.А. Байтокова-Тешнер
35
ISSN 1563-0285 KazNU Bulletin. International relations and international law series. №2 (58). 2012
Достарыңызбен бөлісу: |