жануды жəне тыныс алуды қолдайды. Тотықтырғыш ретінде зымыран қозғалтқыштарына қолданылады: сұйық оттек. Сұйық оттекті сіңіріп, күшті қопарылыс бере жанатын кеуекті материалдар: ағаш үгіндісі, мақта, кокс. Тау-кен ісінде, кен қазуда, теміржол салуда, үңгір қазуда кеңінен қолданылады: сұйық оттек сіңірілген қопарғыш қоспа. Металлургияда оттекпен байытылған ауаны үрлеу арқылы алынады: жоғары сапалы шойын. Жануды қолдайтындықтан болат өндірісінде, металл кесу мен пісіруде көп пайдаланады: оттек. Медицинада тыныс алуы қиындаған адамдарға қолданылады: «оттек жастықшасы». Оттекпен байытылған дем алу қоспасын пайдаланады: авиацияда, космонавтикада, сүңгуір қайықта.
Оттектің аллотропиясы, озон, табиғатта таралуы жəне қасиеттері Оттектің үш атомынан құралған газ тектес болып келетін молекула: О3. Оттектің аллотропиялық түрөзгерісі: озон. Иісті деген мағынаны білдіреді: озо. Озонға тəн физикалық қасиеттер: көкшілдеу түсті, өзіне тəн иісі бар, суда аз ериді, оттек газынан 1,5 есе ауыр, tқайнау -112 0С, tбалқу -193 0С. Бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар, күшті тотықтырғыш: озон. Озонды қолдану арқылы жоюға болады: ауыз су мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды. Электр зарядтарының əсерінен озон пайда болады: найзағай ойнағанда, қылқанды ағаштардың шайыры тотыққанда. Озонға тəн «электр иісі» сезіледі: электр машиналары, кварц лампалары жұмыс істеп тұрғанда, суды электр тогымен айырғанда. Найзағайлы жаңбырдан соң ерекше иістің шығуына əсер етеді: озон. Зертханада озонды алуға болатын құрал: озонатор. Оттектің озонға айналу реакциясы: 3О2 = 2О3