Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Бір корпусты буландыру қондырғылары



бет29/50
Дата16.10.2023
өлшемі7,98 Mb.
#115580
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
stud.kz-118705 2

Бір корпусты буландыру қондырғылары
Материалдық баланс
Б уландыруға концентрациясы XH болатын Gн кг/с алғашқы ерітінді беріледі, одан концентрацисы Хк болатын Gк кг/с буландырылған ерітінді алынып кетеді
. Егео буландыру аппаратында w кг/с еріткіш (су) буландырылатын болса, материалдық баланс былай өрнектеледі:
GH = GK + W (1)
Құрғақ зат бойынша материалдық баланс:
(2)
(2) теңдеуден аппараттың буландырылған ерітінді Gк бойынша өнімділігі :
(3)
Буланған су бойынша:
(4)
Жылулық баланс
Жылулық баланс түзу үшін аппаратқа кірген және шыққан жылуларды анықтаймыз:


К ірген жылу Шыққан жылу

Алғашқы ерітіндімен Gнiн Буландырылған ерітіндімен GкIк


Қыздыру буымен ДIГ Екіншілей бумен wI
Бу конденсатымен Дctв
Жылудың қоршаған ортаға шығыны Qn
Концентрациялау жылуы Q конц.

Сонда жылу балансының теңдеуі:


GнIн+ДIГ=GкIк+wI+Дкtв+Qп+Qконц. (5)
Мұнда Д – Қыздыру буының шығыны
I, IГ, iн,iк - екіншілей будың, қыздыру буының, алғашқы және буландырылған ерітіндінің энтальпиялары, сәйкесінше.Мұнда .
Алғашқы ерітіндіні қайнау температурасындағы tk буландырылған ерітінді және буланған су деп қарастырсақ:
Gн Cн tk = Gк Cк tk + w Cв tk
Бұдан: Gк Cк = Gн Cн – w Cв
Мұны (5) теңдеуге қойсақ:
Gн Cн tн + ДIГ = Gн Cн tк – w Cв tк + w I + Дсtв + Qконц. + Qn (6)
(6) теңдеуден буландыру аппаратының жылулық жүктемесін Q анықтаймыз:
Q = Д (IГ - Ctв) = Gн Cн (tк - tк) + w (I - Ctк) + Q конц. + Qn (7)
(7) қыздыру буының шығынын анықтаймыз:
(8)
Мұнда r –екіншілей будың конденсациялану жылуы.
Концентрациялау жылуы Q конц ерітіндінің концентрациялану кезіндегі жылу эффектісін көрсетеді. Ол алғашұы және концентрленген ерітінділердің интегралды еру жылуларының айрмасын кері таңбамен алғанға тең. Үздіксіз жұмыс істейтін буландыру аппаратының жылыту бетін жылуалмасудың негізгі теңдеуінен анықтайды:

Мұнда Q – аппараттың жылулық жүктемесі; К – жылуалмасу коэффициенті; Δtпол. – пайдалы температура айырмашылығы.
Δtпол. қыздыру буының конденсациялану температурасы Т мен буландырылатын ерітіндінің қайнау температурасының tк айырмашылығына тең:
(9)
Температуралық шығындар және ерітінділердің қайнау температурасы. Буландыру аппаратында температуралық шығындар туындайды, олар температуралық депрессиядан Δ', гидростатикалық депрессиядан Δ" және гидравликалық депрессиядан Δ'" тұрады.
Температуралық депрессия Δ' бірдей қысымдағы ерітіндінің қайнау температурасы мен таза еріткіштің қайнау температурасының айырмашылығына тең.
Бабо ережесі ьойынша (10)
Р1, Р2 – ерітінді және еріткіш буларының қысымдары, сәйкесінше.
(11)
t'1 – Р1 кезіндегі ерітінді температурасы
t'2 – Р2 кезіндегі еріткіш температурасы
Δ' шамасын И.А. Тищенко теңдеуінің көмегімен кез келген қысымда анықтауға болады:
(12)
Δ'атм. – атмосфералық қысымдағы температуралық депрессия;
Т, r – берілген қысымдағы еріткіштің қайнау температурасы және булану жылуы.
Δ'' депрессиясы қайнау құбырлары белгілі биіктікке дейін сұйықпен толтырылғаны әсерінен туындайды. Құбырдың жоғарғы жиегіне қарай будың мөлшері көбееді. Құбырдағы сұйық бағанасының гидростатикалық қысымы әсерінен сұйықтың төменгі қабатының қайнау температурасы tкип жоғарғы қабаттардыкінен жоғары болады. Аталған гидростатикалық эффекті әсерінен tкип өсуін гидростатикалық депрессия деп атайды.
Гидравликалық депрессия екіншілей бу сеперциялық құрылғыны айнала аққанда және буқұбырларда қозғалғанда пайда болатын гидравликалық кедергілер салдарынан туындайды. Осының салдарынан екіншілей будың қысымы төмендейді, сәйкесінше, оның қанығу температурасы да төмендейді. Δ"' жобалап 1оС тең деп қабылдауға болады..
Көпкорпусты буландыру қондырғылары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет