8.6 сурет. Шаңтұндыру камерасы: 1 – камера; 2 – горизонталь сөрелер; 3 – бөгет; 4 – есікшелер. Осы әдіспен газды үлкен бөлшектерден ғана жеткілікті тазалауға болады, сондықтан шаңтұндырғыш камераларды газды шаңнан алдын ала тазалауға қолданады.
Инерциялы шаңұстағыштар. Мұндай шаңұстағыштардың әрекеті газ ағыны ағу бағытын өзгерткенде оның жылдамдығының көп азаюынан туындайтын инерциялық күштерді қолдануға негізделген.
НИИОГАЗ циклонының конструкциясын қарастырамыз.
НИИОГАЗ циклоны конустық түбі 2 бар тік цилиндр корпустан 1 және қақпақтан 3 тұрады. Шаңдалған газ жанама бағытта жоғары жылдамдықпен (20-30 м/сек) қимасы төртбұрышты кіру құбыршасы 4 арқылы циклонның жоғарғы жағына беріледі. Циклон корпусында шаңдалған газ төмен қарай спираль бойымен қозғалады. Мұндай айнала қозғалу кезінде шаң бөлшектері, ауыр болғандықтан, газ бөлшектерінен жылдамырақ қозғалып, қабырға бойында жиналып, шаңжинағыш 5 тасымалданады. Мұнда шаң қонады, ал тазаланған газ спираль бойымен айнала ағып, корпустың ортасымен жоғары көтеріледі де, шығу құбыршасы 6 арқылы шығарылып тасталады.