Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы)



бет10/50
Дата16.10.2023
өлшемі7,98 Mb.
#115580
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
stud.kz-118705 2

6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):

  1. Біртекті емес жүйелерді жіктеу негізінде жатқан белгілерді атаңыз.

  2. Қандай біртекті емес жүйелерді білесіз?

  3. Біртекті емес жүйелерді бөлу әдістерін атаңыз.

  4. Бөлу процесінің материалдық балансынан қандай шамаларды анықтайды?

  5. Бөлу эффектісін не сипаттайды?

1. Тақырыбы 4: Тұндыру. Сүзу.


2. Мақсаты: Студенттерді тұндыру, сүзу және центрифугалау процестерімен, және оларды есептеу әдістерімен, оларды аппаратуралық безендірумен таныстыру.


3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Тұндыру және оны есептеу әдістері.

  2. Сүзу және оны есептеу әдістері.



Тұндыру
Тәжірибе жүзінде біртекті емес жүйелерді тұндыру кезінде шашыраған бөлшектердің концентрациясы аппараттың үстіңгі жағынан төмен қарай біртіндеп өсетіні байқалған. Тұнба қабаты (1 аймақ) үстінде қойылған суспензия аймағы (2 аймақ) түзіледі. Бұл аймақта бөлшектердің қысыла тұнуы, олар өзара үйкеледі және соқтығысады. Аппаратта шекаралары анық бөлінген қысыла тұну аймағын (2 аймақ), одан жоғары жатқан еркін тұну аймағын (3 аймақ), оның үстіндегі тазаланған сұйық аймағын (4 аймақ) ажыратуға болады.

8.1 сурет. Тұну процесінің тәсімі:
1 – тұнба қабаты (шлам); 2 – қойылған суспензия аймағы; 3 – еркін тұну аймағы; 4 – тазаланған сұйық аймағы.
Тұндыру процесінің басында көбінесе үлкен бөлшектер тұнады. Алайда бұл бөлшектердің концентрациясы азайғанда кері ағынды сұйықтың тежеу әсері әлсірейді және тұну жылдамдығы әсер ететін күшпен орта кедергісінің күші динамикалық теңдікке жеткенше артады. Одан кейінгі уақыт кезеңінде тұну тұрақты жылдамдықпен өтеді. Тұну процесінің соңғы және өте жәй жүретін кезеңі – тұнбаның тығыздалуы. Бұл кезде тұну процесінің жылдамдығы азаяды.
Қысыла тұну жылдамдығы еркін тұну жылдамдығынан аз болады. Бұл құбылыс қысыла тұну кезінде бөлшектер орта кедергісін жеңумен қатар, қосымша кедергіні, бөлшектердің өзара үйкелі және соқтығысуы нәтижесінде пайда болған, жеңуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет