Жалпы пайдалы температура айырмашылығы және оның корпустар бойынша таралуы
Көпкорпусты қондырғының жалпы пайдалы температура айырмашылығы ∆tобщ қыздыру буының температурасы Т1 мен соңғы корпустан конденсаторға баратын екіншілей будың температурасының айырмасына тең
(21)
∆tобщ қондырғыда толық пайдаланылмайды, өйткені температуралық шығындар (депрессиялар) бар. Сонда көпкорпусты буландыру қондырғысында ∆tпол қыздыру буының температурасы Т1 мен соңғы корпустан конденсаторға баратын екіншілей будың температурасының айырмасынан барлық корпустардағы температуралық шығындарды (депрессияларды) ∑∆ алып тастағанға тең болады (22)
Көпкорпусты буландыру қондырғысын есептеудің үлгі тәсімі
Буланатын судың жалпы мөлшерін W есептейді және оны корпустарға бөледі.
Құрғақ заттар бойынша материалдық баланстан корпустардағы ерітінділердің концентрацияларын анықтайды..
Қысымның жалпы төмендеуін анықтайды ∆Ркор=∆Р/n, n – корпустар саны.