Сабақ №5 Тақырыбы: Зертханалықсабақ: Спирттер, фенолдар. Спирттер, фенолдарға сапалық реакциялар, тотығуы.
Мақсаты: Студенттер спирттер мен фенолдарға сапалық реакциялар жүргізу үшін қажетті ыдыстарды дұрыс дайындай білуі керек.
Оқыту мақсаты:
Спирттер мен фенолдарға сапалық реакцияларды жасай білу
Спирттер мен фенолдардың алынуын білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Спирттер мен фенолдарға сапалық реакция
2.Спирттер мен фенолдардың алынуы.
3.Сапалық реакциялар жасау үшін қажетті реактивтер мен ыдыстарды дайындау
4. Этил спиртін марганец қышқылды калиймен тотықтыру
5. Спиртті калий хроммен тотықтыру
6. Фенолдардың хлорлы темірмен реакциясы
Білім берудің және оқытудың ¸äiñòåði:Ñåìèíàð, Зертханалық жұмыс.
Зертханалық жұмыс: 1-Тәжірибе. Этил спиртін марганец қышқылды калиймен тотықтыру.
Этил спирті,марганец қышқылды калий, 1% ерітінді.
Пробиркаға 1-2 мл этил спиртін құямыз , оның үстіне марганец қышқылды 1 мл сілтілі ерітіндісін қосып қыздырамыз, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Ерітінді түссізденіп, қышқыл тұнба бөлінеді. Сірке альдеидінің иісі қандай? Неліктен марганец қышқылыкалийерітіндісі түссізденеді? Қандай тұнба бөлінеді?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
2-Тәжірибе. Спиртті қос хром қышқылды калиймен тотықтыру.
Этил спирті,хром қоспасы.
Пробиркаға 1 мл спирт және 1 мл хром қоспасын құйып, баяу ғана қыздырамыз. Қоспа түсі жылдам өзгеріп, жағымды иіс пайда болады. Газ күйіндегі жағымды иісті өнімнің пайда болуын немен түсіндіруге болады? Ерітінді түсі қалай өзгереді?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
3-Тәжірибе. Фенолдардың хлорлы темірмен реакциясы.
Фенолдардың су ерітінділері,хлорлы темірдің 1% ерітіндісі.
Пробиркаларға фенолдың 2 мл су ерітінділерін құйып, әрбір пробиркаға хлорлы темірдің 1%-тік ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызамыз.
Резорцин мен фенол ерітінділері хлорлы темір ерітіндісімен бірге күлгін түсті интенсивті бояу, қышқыл-қызыл пирогаллол түзеді, пирокатехин сумен қатты сұйылтқанда күлгін-көкке айналатын интенсивті жасыл түс береді. Гидрохинон ерітіндісі басында жасыл түске боялса, кейінірек қошылданады. Ерітінді бояуының өзгеруін қалай түсіндіреміз?
Реакцияның болжамды химизмін жазыңдар.
4- Тәжірибе.Спирттердің дегидратациясы
2 мл этил спиртін пробиркаға құйып оның үстіне 1-2 тамшы күкірт қышқылын қосып қыздырамыз. Қыздыру барысында газ бөліне бастағанда пробирка аузына жанған шырпыны жақындатамыз да пробиркадан бөлінген газ жана бастайды. Бұл кезде дегидратация процесі кезінде бөлінген этилен жана бастайды. Реакция теңдеуін жазыңдар