9 лекция
Тұлға және топ, ұжым. Қарым-қатынас психологиясы
Жоспар:
1. Топ және ұжым туралы түсінік.
Топтың түрлері
2. Қарым-қатынас психологиясы
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері.
Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін ӛтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс ӛмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, кӛзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, ӛзін-ӛзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады.
Топтардың ӛзі шартты және нақты болып 2-ге бӛлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде ӛзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы ӛзара байланысқан, ӛздері белгілі бір кеңістікте, азды-кӛпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бӛлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан кӛп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде ӛзара қоянқолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды.
Жанұя, ӛндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайынтуыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады
Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы ӛз сыныбының мүшесі, футбол камандасында және т.б. үйірме тобына мүше болуы мүше болуы мүмкін.
Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Нақты топ — адамдардың бір-бірімен ӛзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, ӛмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ ӛмір сүруі, мүшелерінің саны аз не кӛп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде ӛмір сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.
Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады. Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты — мұның бәрі ресми топқа жатады.
Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше кӛрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді.
Формасыз (бейресми) топтар ұнату, кӛзқарас бірдейлігі сенім жақындығы
т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп кӛзқарас, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат ӛмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам ӛзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, ӛзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана коймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын кӛзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормаларына еліктеп, соларға ұқсауға тырысады.
2. Қарым-қатынас психологиясы.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.
Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сӛйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сӛзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы кӛрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам ӛмірнің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін канағаттандырмау — біртіндеп оның мейірімсіз болып ӛсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сӛйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу — қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет
Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық ӛмірдің қажетті және жалпы кӛрінісі ретінде қарастырды. Ол алғаш рет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісін (схемасын) жасаушы. Ӛзінің «Риторика» деген еңбегінде ұлы ойшыл: «…кез-келген қарым-қатынасқа кем дегенде үш элемент қажет. Олар: бет, сӛйлеу, құлақ» — деп кӛрсетті.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да ӛте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бӛлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бӛлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын процесс.
Коммуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың ӛзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, ӛзгермелі, ӛзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бӛліп кӛрсетуге болады.
1.Ресми қарым-қатынас — қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі.
2. Ресми емес қарым-қатынас — жалпы қабылданған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы кӛру, достық, жолдастық, жек кӛру, жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады.
3.Тігінен қарым-қатынас — бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, кӛшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты кӛрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі.
4.Кӛлденеңінен қарым-қатынас — бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және кӛлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарамақарсы қоюға болмайды.
5.Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас — бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.
6.Жеке қарым-қатынас — орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бірбірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.
7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас — адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.
8. Эмоционалды қарым-қатынас — адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.
Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарымқатынасты қалыптастыруда маңызды.
3.Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты ӛлшеу) әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады.
Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екіге бӛлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы — тұрақсыз және ат үсті қатынасты кӛрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, ӛйткені ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды.
Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар басқаларға қарағанда кӛбірек белгілі, беделді болатынын кӛрсетеді. Біреулер қарым-қатынас жасауға шын ниетімен кӛбірек тартылады, ал екіншілері топтың ӛзге мүшелерімен сирек араласады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында тӛрт-бес оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба білетін адам» адам қашан да кӛпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам ӛз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, ӛзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады.
Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, ӛз білгенін аямай, олармен риясыз бӛлісуге, кӛмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы ӛзінің қара күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді.
Топта, ұжымда әркімнің ӛзгелерден гӛрі жиі кездесетін бір адамы болады, кӛпшілігі ӛзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның ӛзгелерден онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке ӛзара қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін ӛзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып ӛзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушы ӛзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек кӛретін, маңайына жуытқысы келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда ӛзгелер оған жоламай, іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың ӛзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан болады. Ол оқушылармен ӛзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.
Кӛпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті ӛзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста ӛзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады.
1-ші лидер жағдайға байланысты ӛзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш ӛткізеді делік. Ол кӛптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада ӛзінің дарыны мен шеберлігін кӛрсетеді.Ол осы шараны ӛткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.
Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды ӛткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді.
3-ші типі оқушы ӛзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып және топ бастығы т.б.
Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» — топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның ӛзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе ӛзгелеріне ұнайтын болады деген сӛз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды.
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық
үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады
Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды.
Топтағы «моральдық психологиялық ахуал» (кейде мұны «әлеуметтікпсихологиялық ахуал»деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың кӛтеріңкі кӛңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Ӛзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды.
Тату-тәтгі ӛмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың кӛңіл күйлерінің бірдей болып келуі ұжымдық кӛңіл күй болып табылады. Мұндай кӛңіл күйі кӛптеген адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық халқымыз қуанды. Мереке адамның кӛңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сӛйтіп ұжымдық кӛңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Ӛте жағымсыз ұжымдық кӛңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай кӛптеген адамдардың шырқын кетіреді, ӛмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкіл ұжымды қайғыға батырады.
Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір — әлеуметтік ӛмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті жӛніндегі бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралық ӛмірдің соғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесі сиякты проблемалары туралы кӛптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі кӛлемінде болуы мүмкін.
Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың ӛміріне, олардың бірбірімен ӛзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ кӛлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс кӛрсетілген болса, ол сол адамның ӛзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалған сӛзге, ӛсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтаннақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы ӛзара қатынасты да нашарлатады.
Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың ӛзара қатынасы, мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің кӛрсеткішінен асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс ӛзінің сипаты жағынан әлеуметтік болады, ейткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса, соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын ӛнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттық нәтижелерді алға бастырады т. б. Оның бәсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулықсұмдыққа баруды қаламайды.
Жарыс дегеніміз — адамдардың ӛзара байланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың ӛз ішінде адамдардың бір-бірімен қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді.
Еліктеу. Әлденені ӛзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрдe соған ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық ӛмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушы кинофильмде ӛзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын ӛз бойына сіңіруге тырысады. Киім, шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері — бұлардың бәрі де еліктеу объектісі бола алады.
Еліктеу кӛпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын ӛзара қатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, ісәрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды.
Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл әсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның сӛйлесуінен де кӛрінеді. Сӛйлеу мәнерлері, сӛз саптауы ӛзіне жат ортаға тап болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың әуенімен сӛйлеп кететін болады. Сӛйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, ӛзара қатынасының мазмұны және формасына айналады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Топ пен ұжымның айырмашылықтары қандай?
2. Қарым-қатынас құрылымы және оның қызметі.
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
4. «Психологиялық үйлесімділік» дегенді қалай түсінесіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, -490с.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
4. Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том — 491с.
6. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: Учебник пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997
7. Смирнов А.А. Избранные психологические труды: В 2-х т. Т.1-М.
Педагогика, 1987г., 486с.
8. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
10-лекция.Тақырыбы Перцептивті қарым-қатынас және оның механизмдері
Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсініктіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтен, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтен, бағдарлы қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр. Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер. Бірақ әлеументтік перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым қатынас туралы сөз қозғағанда, жалпы әлеументтік перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдадйда адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып отыр.
Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылдаумен қатар, оның өзін ұстауы, мақсат мүдделері, ой, қабілеттері, эмоциялары, бағдарлары тұрғысында өзіндік ой елестерінің қалыптасуын қамтиды. Және де қарым қатынасқа түсушілер арасындағы эмоциялық қатынастардың пайда болуы да қамтылады.
Сонымен әлеументтік перцепция адамның сыртқы бәлгілерін қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.
Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас партнерін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеументтік перцепцияны қарастырғанда екі мәселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект) психологиялық және әлеументтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамарлық бейнелеу механизмдердің талдауына.
Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жыныстық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық-ролдік айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп-пішінге (киімі, шаш қоюы, сыртқы кейіптегі ерекшеліктерге, т.б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен оқытушылар өз шәкірттерінің білімге ұмтылыуы, тәртіптілігі, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы да екі түрлі. Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады. Әлеументтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын адамның қандай психологиялық және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?
Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы (мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия) отырыс-тұрысы, жүрісі жатады. Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлесу мәнері де жатады. Зерттеулерден байқалғанындай, кең таралған, «интернационалды» ымишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар бар.
Қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап психологиялық механизмдер болады. Оған әлеументтік перцепция механизмдері жатады. Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдерін: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |