Саралау: "Нәтиже" әдісі бойынша барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың нəтижелері əртүрлі болуы мүмкін, «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі барлық оқушылардың жұмыстарының мықты жəне əлсіз тұстарын анықтаулары үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
1. Шығармада қандай оқиға баяндалады?
2.Шығарманы автор кімнің атынан баяндап жатыр?
3. Шығарманы баяндаушы кім?
4. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?
Дескриптор: -шығарманы көз жүгіртіп оқып шығады;
- шығарма сюжетінің маңызды оқиғаларын анықтайды.
Оқылым кезі: Бағалау критерийлері: Хикаяттың сюжетіне композициялық талдау жасайды.
Жұптық жұмыс: "Ойлан, жұптас" әдісі бойынша хикаяттың құрылымдық ерекшелігіне мән беріп, шығарма сюжетіндегі маңызды оқиғаларды кестеге түсіріп, композициялық талдау жасайды.
Шығарманың композициялық құрылысы 1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның дамуы
3. Оқиғаның шиеленісуі
4. Оқиғаның шарықтау шегі
5. Оқиғаның шешімі
Саралау: «Қолдау»әдісі арқылы кейбір оқушылар хикаяттың сюжетіне композициялық талдау жасауда қиналуы мүмкін, сол оқушыларға композициялық құрылымды дұрыс жасаулары үшін мына кесте беріледі:
Шығарманың композициялық құрылысы: 1) оқиғаның басталуы: Екі жолаушының әңгімесі
2) оқиғаның дамуы: Шұға мен Әбдірахманның кездесуі
3) оқиғаның шиеленісуі: Махаббат ұшқындары
4) оқиғаның шарықтау шегі: Сағыныш мұңы
5) оқиғаның шешімі: Шұғаның өлімі
Осы кесте арқылы шығарманың сюжеті желісі арқылы композициялық талдау жасайды деп күтіледі.
Дескриптор: -сюжеттік желісін негізге алады;
-сюжетіне композициялық талдау жасайды.