5
13
1-бөлім. 2-тапсырма
Жалпы балл қою кестесі
Сөйлеу тілінің сапасы
Балл
Сипаттамасы
5
Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың кең ауқымын
қатесіз, еркін және тиімді пайдаланады. Тілдің тыныс белгілері мен
орфографиялық нормаларын сақтайды. 1 кішігірім қатеге жол береді.
4
Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формаларды жеткілікті
түрде қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге
кедергі келтірмейді. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын
сақтайды. 1-2 қате жібереді.
3
Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың шектеулі
көлемін қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге
аздап кедергі келтіреді. 3-4 тыныс белгілері және/немесе емле қателеріне жол
береді.
2
Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін
лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны
байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуді қиындық тудырады. 4-тен
астам тыныс белгілерін және/немесе емле қателерін жібереді.
1
Тіл нормалары туралы қарапайым білім жоқ, сөздік қоры өте жұтаң.
Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болуы
жауапты түсінуді қиындатады.
2-бөлім
Жалпы балл қою кестесі
Балл
Сипаттамасы
17-20
•
Тапсырманың қызықты және мәнерлі тәсілдемесі бар, формасы сәйкес;
аудиторияны тарта біледі.
•
Қатаң ұсталған құрылымы бар; логикалық бірізділік күйінде ойын тиімді
дамытады.
•
Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу үшін кең спектрлі тілді және
риторикалық амалдарды тиімді қолданады.
•
Еркін мазмұндайды, күрделі талқылауды бейнелей алуға қабілетті;
сауаттылығы жоғары деңгейде.
12-16
•
Тапсырманың
ойластырылған
тәсілдемесі
бар;
формасы
сәйкес;
аудиторияны дұрыс түсінеді.
•
Ойларын, дәлелдерін анық жеткізу арқылы тапсырмаға үйлесімді және
тиімді құрылымды қолданады.
•
Түсіндіру, дәлелдеу немесе көз жеткізу үшін тілдік және риторикалық
амалдарды қолданады.
•
Еркін мазмұндайды, қарапайым және кейбір күрделі дәлелдер қолданысын
бейнелеуге қабілетті; мағына жеткізуде қиындық тудырмайтын кездейсоқ
қателер болады.
9-11
•
Формасы сәйкестендірілген, анық әрі жеткілікті қолданылған; кей жерлерде
аудиторияны дұрыс түсінгені көрінеді.
•
Құрылым берілген тапсырмаға сәйкес, алайда бірізділік жетіспейді –
және/немесе құрылым соңына дейін сақталмауы мүмкін.
14
•
Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу әсеріне жету үшін тілдік құралдарды
қолдануға талпынысы көрінеді, алайда кей жерде сәтті емес.
•
Анық, бірақ мазмұндауы біртекті немесе кейбір тілдік нормалардың
сақталмағаны (етістік шақтары дұрыс қолданылмауы, бастауыш пен
баяндауыштың ұйқаспауы, орфография және пунктуация қателері) қажетті
әсерге жетуді қиындатады.
6-8
•
Форма сәйкес; аудиторияны біршама түсінеді.
•
Құрылым толық көрінбеуі мүмкін – жеткілікті дамымаған немесе логикаға
сәйкес емес.
•
Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу үшін қолданылған тілдік құралдардың
бірнеше мысалы көрінеді.
•
Анық, бірақ мазмұндауы барлық жерде бірізді емес, тілдік нормалар көп
жерде сақталмаған (етістік шақтары дұрыс қолданылмауы, бастауыш пен
баяндауыштың ұйқаспауы, орфография және пунктуация қателері бар).
3-5
•
Форма сәйкес емес; аудиторияны түсінуде шатасады.
•
Құрылым толық көрінбеуі мүмкін – дамымаған немесе логикаға сәйкес емес.
•
Түсіндіру, дәлелдеу және көз жеткізу үшін қолданылған тілдік құралдарды
әлсіз.
•
Мазмұндауы барлық жерде бірізді емес, тілдік нормалар көп жерде
сақталмаған (етістік шақтары дұрыс қолданылмауы, бастауыш пен
баяндауыштың ұйқаспауы, орфография және пунктуация қателері бар).
0-2
•
Талапқа сай емес.
Достарыңызбен бөлісу: |