Оқу бағдарламасымен байланысы



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата27.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#129198
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6
 
Тапсырмалар мен балл қою кестелерінің мысалдары 
 
1-бөлім 
 
1-тапсырма 
 
Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
 
Қ
азіргі уақыт әйелдердің қоғамдық мәселелерді шешуге белсене араласып, өз 
құқықтарын қорғауға мүмкіндіктері молынан туған заман. Елімізде де әйелдерді 
кемсітушілікке қарсы атқарылып отырған шаруалар аз емес. Бірақ бүгінгі күнге дейін 
көптеген қыз-келіншектеріміз өздерін қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезіну былай 
тұрсын, құқықтарын қалай қорғауды да білмейді. Сондықтан да әйелдердің әлеуметтік 
ахуалы әлем бойынша басты назарда. Сарапшылардың пайымдауынша, күнделікті 
күйбең тіршілікте ер адамдардың әйелдерге қол көтеруі, балағаттауы, қорлау 
фактілері жиі кездеседі екен. Сондықтан Қазақстанның іскер әйелдері 
қауымдастығының президенті «егер креслода отырған әйелдердің қатары көбейсе, 
қыз-келіншектердің қордаланған мәселелері шешімін табар еді» дейді. Әйел мүддесі 
қорғалмай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық немесе демографиялық ахуалының 
дамуы мүмкін емес. Мысалы, Швеция, Финляндия, Дания, Голландия секілді елдерді 
алып қарайықшы. Оларда жыл өткен сайын билікте әйелдердің саны өсумен қатар
тұрғындардың да әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді.
Әйелдердің әлеуметтік жағдайына бас қатырып жүрген мамандардың дені нәзік 
жандардың креслодағы беделіне қатысты мәселелерден бұрын, қоғамдағы рөліне 
қатты алаңдап отыр. «Шындығында бүгінгі жағдайда әйелдердің саяси, құқықтық 
нормаларға бас қатыруға шамасы жоқ. Олар қазір ең алдымен денсаулық, әлеуметтік 



салаларда қорғалуды қалайды» дейді олар.
Күнделікті өмірде еңбек саласында әйелдердің құқығы жиі бұзылады. 
Жұмыссыздардың денін дәл осы қыз-келіншектер құрайтыны тағы бар. Алтын 
құрсақты аналардың бір бөлмелі үйге қолы жетпей, пәтерден пәтерге көшіп жүргенін 
күн сайын көріп жүрміз. Дүниеге үшем әкеліп, еліміздің демографиялық саясатына 
үлес қосқан аналар құзырлы орындардың есігін қағып, қайыршы баланың күйін кешіп 
жүр. Ай сайын алатын мардымсыз жәрдемақылары жыл сайын құны шарықтап бара 
жатқан коммуналдық төлемге де жетпей қалатын кездері де аз болмайды. Ал еңбек 
етуге құлшыныс танытқан келіншектер балаларын балабақшаға бере алмай зар илейді. 
Балабақша кезегі көз ұшында бұлыңғырланып тұратын болғандықтан көпшілігі 
мәңгілік «декретке шығып», дипломы сандықтың түбінде қалып қояды. Міне, 
осындай әлеуметтік дерттің субъективті себептерінен әйелдер мүддесін қолдайтын 
көптеген проблемалар мемлекет тарапынан қолдауға зәру күйінде ғана қалып отыр.
Гендерлік дегенді тіксіне қабылдаушылар арасында «әйел еркектен төмен тұруы 
керек» деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен діни сайттарда жарияланған бірқатар 
мақалаларға зер салсақ, Ислам әйелдерге саяси, қоғамдық өмірдің басқа да 
салаларында табысқа қол жеткізуге тыйым салмайды, керісінше өзі өмір сүріп 
отырған қоғамды дамыту, көркейту үшін атсалысуға даяр әйелдерді __________ екен. 
Сол үшін де қазақ «ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп 
әйел адамды әспеттей білген.
(349 сөз) 
 
1.
«Әйелдер зорлық-зомбылықтың құрбанына жиі айналады» деген дерек қай абзацта 
кездеседі?
A.
бірінші 
B.
үшінші 
C.
екінші 
D.
төртінші


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет