Оқу бағдарламасымен өзара байланысы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата24.09.2022
өлшемі1,39 Mb.
#40098
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ТС ОШ ИА Қазақстан тарихы 11 каз

Баға
Сипаттамасы 

Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Қазақстандағы 
әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің дамуы және Қазақстанның 
экономикалық дамуы туралы толық түсінігі бар. Себеп-салдарлық байланыстарын 
анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді зерттеу 
қабілетін көрсетеді. Қазақстанның тарихи дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің 
нәтижесі мен уәждерін өте жақсы саралайды. Қазақстанның даму үрдістерін, 
қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін түсініп, талдау 
жасайды. Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді 
салыстыра отырып, талдау жүргізеді. Тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен 
процестерге байланысты әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып, сыни 
қорытынды жасайды. 

Білім алушы пән бойынша білімі мен түсінігін жақсы деңгейде көрсетеді. 
Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің дамуы және 
Қазақстанның экономикалық дамуы туралы түсінігі қалыптасқан. Себеп-
салдарлық 
байланыстарын 
анықтау 
мақсатында 
тарихи 
оқиғаларды, 
құбылыстарды, процестерді талдау қабілетін көрсетеді. Қазақстанның тарихи 
дамуын, тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждеріне жақсы саралау 
жасайды. Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және 
мәдени процестерін талдау қабілетін көрсетеді. Проблемалық сұрақтарға жауап 
беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді салыстыра отырып, түсіндіреді. Тарихи 
оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге байланысты әртүрлі көзқарастарды 
салыстырып, қорытынды жасайды. 

Білім алушы пән бойынша білімі мен түсінігін қанағаттанарлық деңгейде 
көрсетеді. Қазақстандағы әлеуметтік қатынастардың, мәдениеттің, мемлекеттің 
дамуы және Қазақстанның экономикалық дамуы туралы түсінігі қанағаттанарлық 
деңгейде. Себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи 
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді түсінеді. Қазақстанның тарихи дамуын, 
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін саралауы қанағаттанарлық 
деңгейде. Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді 
қолданып, баяндау сипатында түсіндіреді. Тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен 
процестерге байланысты әртүрлі көзқарастарды оқып, қайталама сипатында 
қорытынды жасайды. 

Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет