Оқу бала өміріндегі ең маңызды мақсат. Оқуға салмақты мән-мағына беру, білім беру жүйесінің ең бір маңызды мәселелерінің бірі


Оқулықтар қатаң сүзгіден өткізіледі



бет2/2
Дата15.11.2023
өлшемі27,29 Kb.
#123852
1   2
Оқулықтар қатаң сүзгіден өткізіледі
Хош делік. Ал оқушыларды өз бетінше ізденуге, ақпараттарды сыни тұрғыдан ой елегінен өткізуге да-йындайтын жаңартылған мазмұнға оқу­лықтарымыз әзір ме? «Оқулық» рес­публикалық ғылыми-практикалық ор­талығы мамандарының айтуынша, оқу­лықтарды баспалар әзірлейді. Бү­гінде елімізде оқулық жазумен 20-ға жуық баспа айналысады екен, яғни бәсекелестік баршылық. Демек, әрбір баспа өз өнімін сапалы шыға­руға ұмтылады деген сөз. Сол бас­палардың жазған оқулықтары бі­лім беру ұйымдарына жеткенше са­раптаманың бірнеше сатысынан өте­тін көрінеді. «Оқулықтың сапалы жа­зылуы ең алдымен авторлардың біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Біздің орталық та оларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді. Білім беру саласында болып жатқан жаңалықтардан педагогтар мен авторлар, сарапшылар қауымын хабардар етіп, жаңа талаптарды түсіндіру мақсатында жыл сайын семинарлар, оқыту курстарын, халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп келеміз», дейді орталық директоры.
Бейбіткүл Сәрсемханқызының айтуынша, оқулықтарды әзірлеу, сынақтан және сараптамадан өткі­зу министрлік арнайы бекіткен қағи­да­лар бойынша жүргізіледі. Оның ең бас­тысы – ғылыми-педагогикалық сарап­тама. Бұл – «Оқулық» ғылыми-прак­тикалық орталығының да негізгі қыз­меті. Сараптама сапалы болуы үшін орталықта білікті ғалымдардан, жо­ғары санатты мұғалімдерден және әдіс­керлерден құралған сарапшылар базасы жасақталыпты.
Орталыққа келіп түскен оқулық­тар­ға сарапшылар нақты критерий­лер бойынша ғылыми және педа­го­гикалық сараптама жүргізеді. Сарап­тама қорытындысынан кейін ескер­ту­ле­рі бар оқулықтар баспаларға қайта өң­деуге жіберіледі. Ал сараптама кри­терийлеріне мүлдем сәйкес келме­ген оқулықтар іріктеуден алынып тас­талады екен.
Ережеге сәйкес, ғылыми-педа­го­гикалық сараптама кезінде оқу­лық­тар­дың жобасы «Оқулық» орта­лы­ғының «Қоғамдық бақылау» порталына орналастырылады. Бұл да сараптама жүр­гізудің негізгі міндетті бөлігі. Де­мек, оқу­лықтардың алғашқы нұсқасынан бас­тап, оның сапалы шығуына Қазақ­стан­ның әрбір азаматы атсалысып, ұсы­ныс-пікірін білдіре алады. Портал іс­ке қосылған екі жыл ішінде 2, 5, 7-сынып оқулықтарына қатысты жұ­рт­шылықтан 5 мыңнан аса ескерту мен ұсыныстар келіп түсіпті. Сын-ескер­тпелердің ешқайсысы ескерусіз қалмай, оқулықтарды өңдеу кезінде қаперге алынған. Сондықтан жаңадан жа­зылып жатқан оқулықтарды бір қарап шыққысы келгендердің www.expert.okulyk-edu.kz сайтына кіріп, пі­кір қалдыруына болады.
Бастауыш сыныптарға арналған бір­ың­­ғай базалық оқулықтар енгізіле бас­т­ағаны белгілі, яғни 1- 4 сыныптар үшін әрбір пәннен бір ғана ең үздік оқулық таңдалып алынады. Бұл да қосымша жауапкершілік. Сондықтан бас­тауыш сынып оқулықтары сарап­т­а­маға қоса, кейбір мектептерде қанат­қақты жоба ретінде оқытыла бастаған. Былтырғы оқу жылында 1-сынып оқулықтары, биыл 2-сынып оқу­лықтары 30 мектепте сынақтан өт­кен.
Жалпы, негізгі және жалпы орта бі­лім беру деңгейлерінде бірыңғай ба­залық оқулықтар 2020 жылдан бас­­тап енгізілетін болады. Әзірше бұл дең­гейлерге арналған оқулықтар ба­ла­малы негізде қолға алынған.
Сонымен, алғашқы сараптамадан соң өңделіп, қайта сараптамадан табысты өткен оқулықтар пән­дік комиссия қарауына жіберіледі екен. Бұл комиссияның жұмысын Бі­лім жә­не ғылым министрлігі ұйымд­ас­т­ырады. Биыл Пәндік комиссия құ­рамы кеңейтіліп, оның құрамына оқу­лықтардың сапасын бағалау үшін Пар­ламент депутаттары, қоғамдық ұй­ым өкілдері, білікті ғалымдар мен ұс­таздардан тұратын 120-дан астам адам енген.
Оқулықтарды іріктеудің ең соңғы са­тысы – республикалық комиссия. Рес­­п­­убликалық комиссия пән­дік ко­мис­сия мүшелері ұсынған оқу­­лық­тар мен оқу-әдістемелік ке­шен­­де­рін білім беру ұйымдарына пай­да­лануға ұсыну туралы шешім қа­был­дайды.
Биылғы сараптама нәтижесі бо-йынша сараптамаға келіп түскен 2, 5, 7 – сыныптарға арналған 239 оқу­лық­тың ішінен 131 оқулық, яғни 54,8 пайызы 2017-2018 оқу жылында бі­лім беру ұйымдарына пайдалануға ұсы­нылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет