Оқу барысындағы диагностика жəне бақылау – қадағалау



бет2/2
Дата18.04.2023
өлшемі185,75 Kb.
#84010
1   2
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды.
1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тəртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық (“1”, “2” ,“3”, “4”, “5”) баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды
Бағалаудағы қателіктер
Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері төмендегідей:
кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания).
– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;
– көңіл-күйге орай баға қоя салу;
– тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);
– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау);
– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);
– өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты);
– əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);
– баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады;
– бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т. б.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет