Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет33/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Бауыр биохимиясы. Биохимия тұрғысынан қарағанда, бауыр адам организмінің химиялық лабораториясы, химиялық өндеудің орталығы және ішкі ортаның тұрақтылығын, яғни гемеостазды реттеуші орган.
Анатомиялық құрылысы жағынан бауыр 500000 бөлімнен тұрады, ал әрбір бөлімде 1000 000-даған гепатоцит, яғни бауыр клеткалары болады. Бауырдың 80% гепатоциттерден тұрса, 15% эндотелиальды клеткалардан, ал бұл клеткалардың 30-40% Купфер клеткаларынан тұрадыжәне аздаған стромалық дәнекер тканьдері, яғни коллагендік талшықтар кездеседі.



Метаболиттік қызмет. Оған мысалы, көптеген заттарды экспорт үшін синтездеу: альбумин, ферритин, церулоплазамин, гликоген, фосфолипидтер, глюкоза, амин қышқылдарынын глюкозаның синтезделінуі, алмасуға жататын амин қышқылдарының синтезі, несеп қышқылы, мочевина, холестерин, липопротиедтер.
Залалсыздандыру және сыртқа шығару қызметі. Гормондарды, дәрі-дәрмек және улы заттарды залалсыздандыруға және зат алмасудың қалдық заттарын бөліп шығаруға қатысады. Бұл процестер гидроксилдену, қосақталу, тотықсыздану, арқылы жүреді.
Заттардың қандағы концентрациясының тұрақтылығын реттеп отыру қызметі: гоместаздық функция. Көмірсулар, майлар, белоктар ішектен бауырға түскен кезде концентрациясы өте әртүрлі мөлшерде болады: вена портпен келген глюкозаның концентрациясы 5-20 ммоль, амин қышқылдарының концентрациясы 3-15 ммоль, бауырдан қанға қайта түскенде глюкоза 5 ммоль, АҚ 3-4 ммоль. Яғни келтіріліп, белгілі-бір керек мөлшерде ғана қанға тарап отырады.
Ас қорытуға қатысатын қызметі. Өт қышқылының түзілуімен тікелей байланысты. Өт тәулігіне 500-700 мл-ге дейін синтезделеді.
Ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
• ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
• ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
• холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
• он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
• Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
Бауыр ең үлкен ас қорыту безі. Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.
Бауыр адам организмінде ішек пен ішкі ортаны байланыстырушы қан, лимфа т.б органдар мен ткандер.
Құрамы: 70-73% су, 2—4 % май, 17—18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2—3 сағат суық ағынды суда ұстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет