Студенттерге қойылатын талаптар: Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі;
түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік-зертханалық сабақтарға қатысу;
сабаққа кешікпеу;
сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);
сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;
жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;
оқу процесіне белсенді араласу;
академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;
үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;
дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;
кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;
кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі;
дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.
2. Бағдарлама 1. Кіріспе Мейірбике ісі мамандығы бойынша білім алатын студенттерге клиникалық биохимияны оқытудың мақсаты негізгі биохимиялық процесстерді үйрету болып табылады. Медициналық жоғары оқу орнында биохимияны оқыту сау адамның тіршілік ету негізіне жататын химиялық процесстер туралы білім беру, патологиялық жағдайлардың дамуына әкелетін кейбір молекулалық механизмдермен таныстыру, кейбір маңызды зертханалық зерттеулердің әдістерін, зат алмасу жағдайларын және зерттеу нәтижелерін талдай алуды үйрету болып табылады.
Клиникалық биохимия – зертханалық диагностиканың ең маңызды тарауы. Санитар-дәрігердің жұмысында адам ағзасының химиялық құрамы мен биохимиялық көрсеткіштерін анықтау, қалыпты және патологиялық жағдайлардың молекулалық метаболизмі жайлы мәліметтерді интерпретациялау болып табылады.