2. Пәннің мақсаты: Ағзаның биологиялық сұйықтықтарындағы биохимиялық көрсеткіштерді сандық және сапалық анықтау, осы көрсеткіштердің патологиялық және физиологиялық күйіндегі өзгерістерін оқып үйрену, сонымен қатар оларды анықтау әдістерін өңдеу.
3. Оқытудың міндеттері: - Адам ағзасындағы биохимиялық сұйықтықтардың (қан, зәр, ми, жұлын
сұйықтығы т.б.) биохимиялық тұрақты шамаларын (константалар) және
олардың өзгеруін біле отырып, патогенетикалық жағдайларды зерттеуге
қолданылатын биохимиялық әдістердің қажетті жинағын табу;
- клиникалық-биохимиялық ойлауды дамыту.
4. Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі тиіс: - биологиялық сұйықтықтардың биохимиялық константаларын;
- биохимиялық диагностикалық әдістерін;
- аурулар патогенезінің молекулалық механизмін;
- аурулардың емдеу сапасын бақылауды.
Студент істей алуы тиіс: - халықаралық стандарттармен сәйкес клиникалық-биологиялық зертханалық
мәліметтерді жүргізу және диагностикалық процесстерді дұрыс атқаруы;
- биохимиялық, иммунологиялық, иммунохимиялық, микробиологиялық
әдістерді қолданып, зерттеудің нәтижесін статистикалық түрде жинақтау.
Дағдыларды меңгеру: - адам ағзасы биологиялық субстраттарындағы метаболиттерді биохимиялық
әдістерді қолданып анықтау (қанда, несепте).
5. Реквизитке дейінгі: патфизиология, патанатомия, микробиология,
медициналық биоэтика,
6. Шектес пәндер: ЕАМ инфекциялық қадағалау
Пәннің қысқаша мазмұны: 8. Тақырыптық жоспар: Дәрістің тақырыптық жоспары