ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған


Сұраныстың қарапайымдылығы



бет18/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Сұраныстың қарапайымдылығы. Көптеген кестелерге сұранысты біркестем сұранысқа аймастыра отырып, ұсынудың көмегімен деректерді бірнеше кестеден алып және оларды бір кесте ретінде көрсетуге болады.
Құрылымның қарапайымдылығы. Ұсынудың көмегімен виртуалды кесте жиыны ретінде әрбір қолданушысына деректер қорының меншікті «құрылымын» құруға болады.
Өзгерістерден қорғаныс. Егер берілген кесте бөлінсе де, реструктурияланса да немесе атын өзгерте алса да, ұсыну деректер қоры құрылымының өзгеріссіз және қарама-қайшылықсыз түрін қайтара алады.
Деректердің тұтастығы. Егер деректерге рұқсат немесе деректерді енгізу ұсыну арқылы жүзеге асырылса, ДҚБЖ аутоматты түрде тұтастықтықтың анықталған шарттарының орындалуын тексере алады.
Жоғарыда аталған жетістіктермен қоса, ұсынудың кемшіліктері де бар:
Өнімділігі. Ұсыну сәйкес кестенің бар болуына көзбояшылың жасайды, сондықтан ДҚБЖ ұсынуға сұранысты берілген нәтижелі кестеге сұранысқа түрлендіруге тұра келеді. Егер ұсыну көпкестелі сұранысты бейнелесе, онда ұсынуға жай сұраныс қиын бірігу болады, және де оның орындалуына көп уақыт қажет болады.
Жаңартуға шектеулер. Қолданушы ұсынудың жолдарын жаңартуға талпынса, ДҚБЖ нәтижелі кесте жолдарына сәйкестік бекітіп, ақырғысын жаңартуы тиіс. Бұл жай ұсынуларға ғана мүмкін; күрделі ұсынуларды жаңартуға болмайды, олар тек іріктеуге ғана рұқсат етіледі [1, б. 369].
Көрсетілген кемшіліктер және жетістіктер ұсынуды таңдап қолдану керектігін білдіреді.
Ұсынуларды құру
Ұсынуды әртүрлі әдістермен құруға болады: Enterprise Manager, Create View Wizard шебері, Transact-SQL құралдары. Ұсынуды Transact-SQL-ң көмегімен құру үшін CREATE VIEW инструкциясы қызмет етеді. Онда оның негізінде жататын ұсыну аты мен сұраныс көрсетіледі.

{CREATE | ALTER}


VIEW ұсыну_аты [(баған_аты [,…n])]
[WITH ENCRYPTION]
AS SELECT_оператор
[WITH CHEK OPTION]

Ұсынуды құру үшін сұранысқа кіретін барлық кестелерге рұқсат болу керек. Қажетінше құрылатын ұсынудың әрбір бағанына ат қоюға болады. Егер бағандар аттарының тізімі көрсетілсе, онда ол сұраныста қанша баған болса, сонша элементтен тұруы тиіс. Берілетін бағандардың деректер типі, ұзындығы және басқа да сипаттамалары берілген кесте бағандарының анықтауынан алынады. Егер CREATE VIEW инструкциясындағы бағандар тізімі болмаса, әрбір ұсыну бағаны сұраныстың сәйкес баған атын алады. Нақты көрсетілген баған аты аттас бағандары бар бірнеше кестенің бірігуі кезінде немесе есептелетін бағандар үшін қажетті болып табылады.


WITH ENCRYPTION параметрі серверге SQL-код сұранысын шифрлауды белгілейді, ол оны заңсыз қарауға және қолдануға кепілдік береді. Егер ұсынуды анықтауда бағандар немесе берілген кесте атын, сондай-ақ деректердің бірігу алгоритмін жасыру қажет болса, онда осы аргументті қолдану қажет.
WITH CHEK OPTION параметрі серверге ұсыну арқылы туындаған SELECT операторында анықталған критерийге сәйкес өзгерісті тексеруді белгілейді. Ұсынудағы жолдың жоғалуына соқтыратын өзгерістерді болдырмайды. Егер ұсыну үшін көлденең фильтр орнатылса және деректер өзгерісі фильтрмен орнатылған жолдар сәйкессіздігіне әкелсе, жоғарыда айтылған орындалады. WITH CHEK OPTION аргументін қолдану жасалған өзгерістердің ұсынуда бейнеленетіне кепілдік береді. Егер қолданушы ұсынудан жолдың алынып тасталатын өзгеріс орындағысы келсе, берілген WITH CHEK OPTION аргументінде сервер қате жайлы хабарлама шығарады да, барлық өзгерістер қабылданбай қалады.
Ұсынуды жою
SQL2 стандартында ұсынуды жою үшін DROP VIEW инструкциясын қолдану бекітілген.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет