ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған



бет28/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Жиынға тиістілік. IN операторы берілген мәндер тізіміндегі кейбір мәндерді салыстыру үшін қолданылады, бұл жерде тексерілетін мәннің деректер типі тізімде көрсетілген мәндердің деректер типімен салыстырмалы болуы керек.
Астанада, Қарағандыда және Қостанайда жұмыс істейтін сатушылар тізімін шығару:
SELECT фамилия, продажа, план
FROM ПРОДАВЦЫ
WHERE магазин IN (51,52,62)
Үлгіге (шаблонға) сәйкестік. LIKE операторының көмегімен өрнекті берілген үлгімен салыстыруға болады, бұл жерде алмастыру-символдарын қолдануға рұқсат етіледі:
% символы – бұл символ орнына кез-келген символдардың санын кез-келген қоюға болады.
_ символы – жолдың бір символын алмастырады.
[ ] – жол символының орнына осы шектеулерде көрсетілген мүмкін символдардың біреуі қойылады.
[^] – жолдың сәйкес символының орнына шектеулерде көрсетілгеннен басқа барлық символдар қойылады.
КАМАЗ сатып алушыға несие лимитін ұсыну:
SELECT название, кредит
FROM ПОКУПАТЕЛИ
WHERE название LIKE 'КА%'
NULL мәніне теңдік. NULL мәні таңдау шартында үш мәнді логиканы қолдануға мүмкіндік береді. Кез-келген берілген жол үшін сұрыптау шартын қолдану нәтижесі TRUE, FALSE немесе NULL болуы мүмкін. NULL – кез-келген мәннің жоқтығын көрсететін арнайы мән. NULL – ол бос орын белгісі емес (бос орын – мүмкін белгі) немесе ноль (0-мүмкін сан) белгісі емес; NULL нольдік ұзындық жолынан да өзгеше (бос жол). Кейде бағандар мәнін NULL-ге теңестіруіне тексеру және оларды тікелей өңдеу қажетті болады. Ол үшін SQL-де арнайы IS NULL арнайы тексеруі бар.
Дүкенге әлі бекітілмеген сатушыны табу:
SELECT фамилия
FROM ПРОДАВЦЫ
WHERE магазин IS NULL


Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар:
Оқулық материалды және түсіну кезінде негізгі түсініктемелерді ұғу және материалды бекіту арқылы жүргізілу керек. Тақырып бойынша терминдердің сөздігін құрастыр.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет