ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған


Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар



бет31/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар:
Оқулық материалды және түсіну кезінде негізгі түсініктемелерді ұғу және материалды бекіту арқылы жүргізілу керек. Тақырып бойынша терминдердің сөздігін құрастыр.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17


6 Бағыныңқы сұраныстар


Сұрақтар:

  1. Бағыныңқы сұранысқа неге ORDER BY cөйлемі жатпайды?

  2. Егер нәтижелік бағандарда бірде бір жол болмаса немесе нәтижелік баған NULL мәнін қабылдаса, ANY тексерісі бағыныңқы сұраныста қандай мәнді қайтарады?

  3. Корреляциялық бағыныңқы сұраныс дегеніміз не?

Тапсырмалар:

  1. WHERE ұсынысындағы бағыныңқы сұраныстар

  2. Бағыныңқы сұраныстағы таңдау шарттары

Берілген ұсыныста ішкі сұраныс болса, ол жолдарды таңдау процесіне қатысады.


Келесі сұраныстарды қарастырайық:


Жоспарлы сатудың көлемі барлық сатушылардың сатуының жоспарлы көлемінің сомасынан артық дүкендер тізімін шығару:

SELECT город


FROM МАГАЗИНЫ
WHERE план_объем >(SELECT SUM(план)
FROM ПРОДАВЦЫ
WHERE магазин=номер_магазина)
Бағыныңқы сұраныстағы таңдау шарттары:

  • Бағыныңқы сұраныс нәтижесімен салыстыру. Өрнектің мәні бағыныңқы сұраныспен қайтарылатын бір мәнмен салыстырылады. Бұл тексеріс жай салыстыруды еске салады.

  • Бағыныңқы сұраныс нәтижесіне жататын тексеріс. Өрнек мәнінің бағыныңқы сұраныспен қайтарылатын мәндер жиынының біреуіне тең болатындығы тексеріледі. Бұл тексеріс жиынға тиістілікті тексеруді еске салады.

  • Бар болуына тексеріс. Бағыныңқы сұраныс нәтижелер кестесіндегі жолдардың бар болуы тексеріледі.

  • Көп ретті салыстырулар. Бағыныңқы сұраныспен қайтарылатын көптеген мәндер жиынының әрқайсысымен өрнектің мәні салыстырылады [1, б. 205].

Салыстыру операциясында алты салыстыру операторларын (=, <>, <, <=, >, >=), бағыныңқы сұраныс нәтижесімен қарапайым салыстырулар сияқты қолдануға болады. Салыстыруға қатысатын бағыныңқы сұраныс нәтиже ретінде жалғыз мәнді қайтару керек, яғни бір бағаннан тұратын бір жолды қайтару. Егер бағыныңқы сұраныс нәтижесі бірнеше жол немесе бірнеше баған болса, онда салыстырудың мағынасы жоқ және ДҚБЖ қате жайлы дерек шығарады. Егер бағыныңқы сұраныстың орындалу нәтижесінде бір де бір жол алынбаса немесе NULL мәні алынса, онда салыстыру операциясы NULL-ді қайтарады.


Көкшетауда орналасқан дүкендердің сатудың жоспарлы көлеміне сатушының жоспарлы көлемі тең немесе жоғары сатушылардың тізімін шығару:

SELECT фамилия


FROM ПРОДАВЦЫ
WHERE план >=(SELECT план_объем
FROM МАГАЗИНЫ
WHERE город='Кокшетау')


Сатушы Дошаковтың қызмет көрсететін сатып алушыларының тізімін шығару:
SELECT название
FROM ПОКУПАТЕЛИ
WHERE продал =(SELECT номер_продавца
FROM ПРОДАВЦЫ
WHERE фамилия='Дошаков')

Бағыныңқы сұраныс нәтижесіне (IN предикаты) жататын тексеріс бір мәнімен деректер бағанын салыстырады, және егер осы мән бағандар элементтерінің біріне тең болса, онда тексеріс TRUE нәтижесін береді. Бұл тексеріс тексерілетін жолдың мәндерімен бағыныңқы сұраныспен іріктелген мәндер жиынын салыстыруға қолданылады.




Нақты сату көлемі жоспарлыдан асатын дүкендердің сатушыларының тізімін шығару:

SELECT фамилия


FROM ПРОДАВЦЫ
WHERE магазин IN (SELECT номер_магазина
FROM МАГАЗИНЫ
WHERE продажа_объем>план_объем)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет