ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған



бет8/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Объект

Тағайындалуы

Tables

Өз деректері сақталатын деректер қорының кестелері

Views

Кестедегі деректерді бейнелеп ұсыну

Indexes

Индекстер – физикалық жадының құрылымдық элементерінің бірі

Stored Procedures

Сақталатын процедуралар

Triggers

Триггерлер – кестедегі деректердің өзгеруі кезінде шақырылатын инструкция тізбегі

User Defined Function

Қолданушымен құрылатын функциялар

User Defined
Data Types

Қолданушымен анықталатын деректер типі

Keys

Кілттер – деректер тұтастығын шектеудің бір түрі

Constraints

Тұтастыққа шек қою – деректердің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін объектілер

Users

Деректер қорына рұқсаты бар қолданушылар

Roles

Қолданушыларды топқа біріктіруге мүмкіндік беретін ролдер

Rules

Деректердің логикалық тұтастығын бақылауға мүмкіндік беретін деректер қорының ережелері

Defaults

Деректер қорының стандартты орнатылуы немесе үнсіз келісімдер



Деректер қорын құру
SQL Server деректер қорын құрудың бірнеше әдістерін ұсынады: CREATE DATABASE операторы; SQL Server Enterprise Manager консолі және SQL Server Enterprise Manager-де шақырылатын Create Database мастері.
Құрылған деректер қорымен түрлі әрекеттерді орындауға болады: ол тұралы деректерді қарауға, сипаттамаларын өзгертуге және жоюға болады.
Деректер қоры жөнінде мәліметтерді қарау
SQL Server деректер қоры жөнінде мәліметтерді қараудың бірнеше әдістерін ұсынады: sp_helpdb жүйелік сақталатын процедураны, DATABASEPROPERTYEX операторын және SQL Server Enterprise Manager.
Деректер қорын өзгерту
Келесі конструкция көмегімен деректер қорын құрғаннан кейн деректер қорының алғашқы анықтамасын өзгертуге болады:
ALTER DATABASE деректер_қорының_аты
Деректер қорын жою
Деректер қорын жою мына бұйрықпен орындалады:
DROP DATABASE деректер_қорының_аты [,…n]
Деректер қорындағы объектілердің барлығы жойылады, сондай-ақ олар орналасқан файлдар жойылады. Деректер қорын жою операциясын орындауда қолданушының сәйкес құқықтары болуы керек.
Кесте құру. SQL стандартында кесте құруға арналған бірнеше әдістер берілген, олар мыналар: CREATE TABLE операторы, SQL Server Enterprise Manager косолі және Database Designer. Кесте құрудың инструкциясының базалық форматы келесі түрде ие болады:
CREATE TABLE кесте_аты
{ (баған_аты_деректер_типі [NOT NULL] [UNIQUE]
[DEFAULT <мән>] [CHECK (<таңдау_шарты>)] [,…n]}
[CONSTRAINT шектеу_аты]
[PRIMARY KEY (баған_аты [,…n] ) ]
{ [UNIQUE (баған_аты [,…n] ) ] }
{ [FOREIGN KEY (сыртқы_кілт_баған_аты [,…n] )
REFERENCES атау_кесте_тегі
[ (баған_аты_ кесте_тегі [,…n] ) ],
[MATCH {PARTIAL | FULL] }
[ON UPDATE {CASCADE | SET NULL | SET DEFAULT| NO ACTION} ]
[ON DELETE {CASCADE | SET NULL | SET DEFAULT | NO ACTION} ]
{ [CHECK (<таңдау_шарты >)] [,…n] } )

немесе басқаша:


CREATE TABLE
[деректер_қорының_аты. [иегер]. | иегер.] кесте_аты
(<кесте_элементі> [,…n] ) мұндағы
< кесте_элементі > ::= {<бағанды_анықтау>}
| баған_аты AS <өрнек> | <кесте_шектеуі>
Әдетте кестенің иесі оны құрушысы болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет