ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша


тақырып. ШЖБМ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі



бет20/50
Дата09.11.2022
өлшемі8,03 Mb.
#48733
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
3.3 тақырып. ШЖБМ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі


Мақсаты:Тәрбие процесінің ерекшеліктерімен, салаларымен таныстыру. Мерекелік іс - шараларға сценарий құру тәсілдерін меңгерту.

1. ШЖБМ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


2. Тәрбие шараларын жоспарлау ерекшелігі


1. ШЖБМ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген: 
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым -қатыныстары ашық жарияланады. 
Тәрбие шарасын өткізу кезеңдері:
1.  Шараның басталуы, психологиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби –музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, музыка әуені
2.  Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
3.  Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;
4.  Қорытынды бөлім:шараны қорытындылау,оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;
5.  Педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет