ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша



бет47/50
Дата09.11.2022
өлшемі8,03 Mb.
#48733
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Дауыс жаттығулары
Мұғалімнің шеберлігіне, өз әдісіне қарай ортақ дауыс жаттығуы жүргізіледі.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1-сыныптың үйге берілген шығармашылығына дәптерден тексеру жүргізіледі.
Бұл кезде 3- сыныпқа жаңа тақырып бойынша "Махамбеттің термесі" күй табақтан немесе үй тапсырмадан тыңдатылады, сонан соң оқулықтан "Жалынды ақын - Махамбет" тақырыбын оқып, термені жаттау өз бетінше жүргізіледі.
1-сыныпта табиғатқа байланысты көрнекілікті пайдалану арқылы "Алатау" халық әні үн таспадан немесе мүғалімнің орындауында тыңдатылып, талданады. Содан соң "Тау" суретін салуға тапсырма беріледі.
1-сыныпта жаңа үйретілітін ән - "Солдат болам мен ертең" әні бойынша көрнекілікпен жұмыс жүргізіледі.1-сынып"Алатауға" байланысты сурет салып жатқан кезде, 3-сыныпқа ән үйретіледі. Сонан соң олар әннің сөзін дәптерлеріне жазып болғанша 1-сыныпқа жаңағы салған суреттен алған әсеріне байланыстыра отырып жаңа ән "Сурет сабағымен" таныстырып, ән үйретіледі.
Екі сыныпта да үйретілген әндерді қорытындылау бірінен кейін бірі кезектесіп айтқызылады. 1-сынып әнді қайталау кезінде 3-сынып тыңдайды. 3-сынып қайталау кезінде 1-сынып тыңдайды
Сабақты қорытындылау, бекіту
Екі сыныпқа өз тақырыптары бойынша сұрақтар қойылу арқылы қатар жүреді. Немесе сөзжұмбақтар арқылы қорытындылауға болады.
Үй тапсырмасы.Сабақтағы жаңа білімдері бойынша сурет салу, әңгіме құрастыру немесе өлең шумақтарын шығарып келу беріледі.Бағалау, пысықтау қатар жүргізіледі.
Шағын комплектілі мектептердің қай сыныптарын қатар оқытса да, осы тәсілді пайдалана отырып, музыка сабақтарын ұйымдастыруға болады.Ол үшін мұғалімнің тиянақты дайындығы мен музыкалық дайындық деңгейі нақты болуы керек.Әрине, техникалық құралдар мен көрнекіліктер, оқушылардың толық жетістігі оқушыларға музыкалық білімді өз деңгейінде беруде үлкен рөл атқарады.Сондықтан мұғалім әр сабаққа алдын ала тиянақты дайындықпен келуі тиіс.Музыкалық материалдарды жыл басында жинақтап, үн таспаға жаздырып,көрнекіліктерді,бағдарламадағы материалды әзірлеп алғаны дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет