Оқу әдістемелік кешен



бет15/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
7.2. Ежелгі Шығыс философиясы



  1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және кезеңдері.

  2. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері.

  3. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептердің жүйесі.

1. Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар),вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән әртүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшатрийлерге әскеи қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагелік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда (веда-б.д.д. 1500 ж.) жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: 1.Самхит – құдайларға арналған гимндер жинағы. 2.Брахман – самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б. 3.Араньякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас. 4.Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта» дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік – Брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман – бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен қатар, синоним ретінде, атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман – тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол – саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі – пуруша және «мен». Пуруша (еркек) – ол әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша түрінде болып, «мен әлемді жаратамын» деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта «менді» брахманмен, атманмен тең деп түсінгенде ғана, адам өзін Құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп түсінеді. Ал «мен» бір бөлек, брахман, атман бір бөлек деп түсінетін болсақ, ол білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты –тірі кезінде атман – брахманмен қосылып – бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп-білген адам нағыз брахман болып, Құдайға, әлемдік құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы – ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол Ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.
Жайнизм («жина» - жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары «Сидханта» деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты – қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан құтылу қажет.
Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады.
Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты айқындайды.
Ал сансардан азат болу үшін «үш қазынаны» сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім – тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық – тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты, т.б. сақтау. Ал шынайы білім – жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса, мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында- жан алшақтағы және ұзақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында - өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жеңген жан адамдардың қазіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.
Жайналардың пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі қабатта құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта құдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шындап келгенде, жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз, қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкаларға (әулиелер) және джиндарға сену керек.
Жайнизм кейінірек келе дигамбар шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет