Оқу әдістемелік кешен



бет18/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д. IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д.III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1.Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2.Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3.Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4.Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың «Мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші - өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1.Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру; 2.Осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс».
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесеқарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
Даосизм (VI-V ғғ. Б.д.д.). Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» - жалпы дүниетанымдық ұғым. «Дао» - алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Даоның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао – барлық заттардың анасы», «дао – барлық заттардың түпатасы», «Даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы депесептеуге болады», т.б.
Ал «даоның» заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: «Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады».
Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі – екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі ол денесіз, екіұшты, соншалықты кішкентай, мәнсіз, көрінбейді, енжар және жалғыз. Ол мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.
Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден («ци») тұрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар «барлық заттардың анасы». «Аты бар даоның» негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл екі түрлі «дао» бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер «аты жоқ даоны» бейболмыс десе, «аты бар даоны» болмыс деп түсінген. Барлық заттардың түпнегізі бейболмыс болғандықтан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде қайтадан болмысқа сүйеніп пайда болған заттар, құбылыстар мәңгі емес, тек бейболмыс қана мәңгі.
Әлемдегі денелерде Аспан (ян – еркек) мен жер (инь - әйел) бастамалары заттардыңөмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» - болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз («дао және дэ») еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.
Заттардың гармониясы дегеніміз – олардың өздерінде қарама-қарсы жақтардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз болса, өлер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп бұл өмірден кетеді.
«Даоның» екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. «Аты жоқ даоны» кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле алады. Себебі ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан, заттардың күресінен – гармонияны, қозғалыстан – тыныштықты, болмыстан болмысты көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Шынайы дана билеуші, даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға табиғи жолмен («дао» жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші ештеңеге араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай, әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргендерді заң арқылы шектеуге қарсы болады. Осы тұрғыдан олар конфуцийшылдарға да, легистерге де қарсы болды.
Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет