Оқу әдістемелік кешен



бет40/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
7.11. Орыс философиясы



  1. Орыс философиясындағы экзистенциалистік сарын (ХІХ ғ.).

  2. ХYІІІ-ХІХ ғасырдағы ағартушылық философия.

  3. Орыс философиясындағы ғарыштық сана: Циолковский, Вернадский.

1. Орыс философиясының ерекшелігі мен бірегейлігін орыс идеясын іздеу анықтайды. Орыс философиясын тарихта үнемі дербес еместігі, тәуелділігі, еліктегіштігі үшін кіналап келді. Бірақ ондай жағдай да бекер қалыптасқан жоқ. Себебі орыс мәдениеті XIX ғасырда неміс классикасы мен батыстық басқа да бағыттардың күшті ықпалын сезінді. Бірақ орыстың ұлттық типі өзіндік ерекше философиялық ойды туындатты. Кейде бұл бірегейлік оның экзистенциалдық сипатында болғаны туралы айтылады. Орыстарды, көбінесе, гносеология мен логиканың мәселелерінен гөрі өмірмәнділік мәселелер: бақыт пен қасірет, махаббат пен жеккөрушілік, жақсылық пен зұлымдық және әрине, әділеттілік пен теңдік сияқты құбылыстар толғандырды. Орыс санасы мен орыс жаны қоғамда қайшылықты сипатта көрініс бергенмен олардың үнемі өмірдің мәні мен мағынасын табуға талаптанып, ізденісте болғаны тарихтан белгілі.


Н.Бердяевтің айтуынша, орыс халқы философияны ұнатады және тіптен, сауатсыз орыс мұжығы өмір мәні, Құдай туралы, мәңгілік өмір туралы, жақсылық пен зұлымдық туралы, шындық пен жалғандық туралы және Құдай патшалығын орнатуға болады деген философиялық сипаттағы сұрақтарды қойғанды жақсы көреді. Орыс философиясында да орыс идеясын іздеудің аясында, міне, осы мәселелер алдыңғы қатарға шығады.
2. Ресейдегі ф-лық ойдың өз дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Олар көбінесе Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени-әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер Ломоносовтан басталды. М.В.Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан.
Философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, Ломоносов материя атомдардан тұрады, атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрады, ал соңғылардың қосылысынан барлық заттар түзіледі деп есептеді. Жаратылыстану-ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ол материя мен қозғалыстың мәңгілігін және жойылмайтынын дәлелдеді, зат пен қозғалыстың сақталу заңын ашты. Материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болатынын атап көрсетті.
Ломоносов дүниені танып-білуге болатынын мойындады. Таным сезім мүшелері арқылы қабылдаған құбылыстарды ой тезінде талдау, қорытындылау барысында іске асады деді ол. Дүниетану процесінде Ломоносов экспериментке, тәжірибеге, сондай-ақ теориялық ойлауға үлкен мән берді, тек солардың бірлігі арқылы ғана ақиқатты танып-білуге болады деп есептеді.
Әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар еді. Әуелбаста дүниені жаратқан құдай, бірақ ол кейінгі өзгерістеріне араласпайды, сондықтан дін ғылымның ісіне қол сұқпауы тиіс деді.
Ломоносов сияқты, Радищев те (1749-1802) дүниенің материалдығын, атап айтқанда қозғалыс материяның негізгі қасиеті екенін уағыздады. Бұл мәселеде ол өзінің замандастары – француз материалистерінің көзқарасын қолдады. Дүниенің танымдылығын мойындады.
Радищев патшалық самодержавие мен крепостнойлыққа қарсы шыққан бірінші дворяндық орыс революционері болды, шаруаларды крепостнойлық тәуелділіктен революциялық жолмен азат етуді талап етті. Оның әлеуметтік-философиялық көзқарасына француз революциясы тікелей әсерін тигізді.
Орыс философиясының тарихында XIX ғасырдағы революцияшыл демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1829-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1861), Д.И.Писарев (1840-1868) теория жүзінде ғана емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60 жылдары пісіп жетіліп келе жатқан шаруалар революциясының идеологтары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет