Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының



бет87/93
Дата31.12.2021
өлшемі6,76 Mb.
#23221
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Байланысты:
УМК Цифр пед дизайны-МИ, М,Фи,Ф-СКАНЕРЛЕНГЕН

Коммуникативтік дағдылар қалыптастыру. Қандай да бір мәселені(экологиялық, саяси, әлеуметтік) талқылау үшін топ құрылған.

Тапсырма: талқылау үшін онлайн-баяндама жасау керек, талқылауға қатысу керек, оның қорытындысы бойынша онлайн-презентация жасау керек.



Өз бетінше жұмыс істеуді жоспарлау дағдысын қалыптастыру. Жағдай: қоғамдық тапсырманы(мысалы, семинар ұйымдастыру, мектеп түлектерінің кездесуін ұйымдастыру).

Тапсырма: онлайн-органайзер арқылы жұмыс жоспарын жасау, қатысушылардың фотоальбомын жасау, қатысуға қызығушылық білдіргендер тобын құру (Контактіде, Одноклассники.ру және т.б.)



Ақпарат көздерінен мен реферат жазу материалдарын жинактау дағдыларын қалыптастыру. Жағдай: Интернеттен берілген тақырып бойынша материалдар жинау және қорытынды тұжырымдама жасау.

Тапсырма: закладка сервисін пайдалану және рефератпен веб-сайт жасау.



Орындалған лабораториялық жұмыстың есебін дайындау. Жағдай: орындалу процесін жазу, қажетті жүргізілген есептеулер келтірілген электронды таблица дайындау.

Тапсырма: ролик түсіру және оны видеохостингте орналастыру, онлайн-таблица жасау үшін Gооglе Dоcs пайдалану.



Цифрлы фотосуреттерді өңдеу дағдыларын қалыптастыру. Жағдай: сайтты көркемдеу үшін фотосуреттер жинақтау.

Тапсырма: берілген тақырып бойынша Интернетте фотосуреттер жинақтау, олардың әрқайсысын берілген үлгі бойынша өңдеу (түстерінің характеристикаларын өзгерту, масштабтарын бір өлшемге келтіру, рамкамен сәндеу) және өңделген фотосуреттерден фотоальбом жасау.

Сонымен, сабақтарды ұйымдастырудың онлайн формаларына біртіндеп көшу жөнінде айтуға болады.

Онлайн-сабақтарға арналған оқу қорларын дәстүрлі оқу құралдары, дидактикалық және әдістемелік материалдардан негізгі айырмашылығы бұл оқу ресурстарының:



  • өзара және оларға байланысты сыртқы ресурстармен гипербайланыста болуы, ассоциацияларға жеткілікті түрде еркін қатынас жасауды қамтамасыз етуінде;

  • интерактивтілікті қамтамасыз етеді, ең аз дегенде белсенді облыстарды басқанда, ал максимум- интерфейс элементтерін компановка жасау, он-лайн-тестілеу кезінде жауап болуы, нақты уақыт жүйесінде эксперименттер жасауды қамтамасыз етуінде;

  • ақпаратты әртүрлі формада- мультимедиалық түрде берілуі мазмұнды толық қабылдау мен меңгеруді бірден арттырады.

Информатикадан онлайн-сабақтарды жобалау мен өткізу әдістемесі арақашықтық оқу материалдарының көрсетілген ерекшеліктері негізінде құрылуы тиіс. Сонымен бірге, информатика курсының арнайы ерекшеліктерін ескеру қажет: зерттеліп отырған технологиялар бірмезгілде белсенді түрде қолданылатын технологиялар болып табылады. Веб-сайттарды оқып үйрену онымен өзара әрекет етуі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған жағдай оқушыларды сәйкесті технологиялық ортада ендірілу арқылы ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеру нәтижелерінің жоғары болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, арақашықтықтан оқыту веб-технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын осы орта ретінде веб-платформаны таңдау логикалық дұрыс.

Практикалық жағынан бұл мына қарапайым қадамдардан тұрады:


  1. Оқыту басталғанда барлық оқушылар gооglе.ru -де аккаунт жасайды, сонымен бірге, пошта жәшігіне, құжат айналымының жүйесіне, онлайн-фотоальбомға, жасалған жұмыстар туралы есептерді жазу үшін блокке және басқа сервистерге бір уақытта қол жеткізеді;

  2. Оқу барысында мұғаліммен ақпарат алмасу(мысалы, атқарылған тапсырмалар бойынша есептерді орналастыру, бейнелер мен тағы басқа ресурстардың орналастыру) көрсетілген сервисті пайдалану арқылы жүзег асырылады. Мысалы, Ріcаsа сервисі график түрінде бейнені орналастыру үшін жұмсалады, ал httр://www.sрlаshuр.cоm/ сервисі оны жасау үшін қолданылады.

Ұйымдастыру жағынан онлайн-сабақтың екі түрі болуы мүмкін:

  • дәрісханадағы отырған топтағы сабақ(мектептегі сынып және арнайы курс сыныбы және т.б.);

  • бір-бірінен қашықтықта орналасқан таратылған топтар үшін сабақ.

Екінші типті сабақты ұйымдастыру айырмашылығы оныөткізу үшін қосымша алдын ала дайындық қажет: өткізу уақыты жөнінде алдын ала келісім жасау, сабаққа қатысушылардың барлығына өткізу уақыты жайлы қорытынды уақыт жеткізілу тиіс.

Сонымен қатар, жеке/дифференцирленген әдістің элементтерін жүзеге асыруға, кейбір оқушылармен кейбір сабақтардың материалдарын үйрету үшін келісуге болады. Сонда сабақты оқушылардың алдын ала оқыған материалдары есебінен әңгіме-семинар түрінде құруға болады.

Он-лайн режимде сабақты өткізудің қолжетімді технология көмегімен нақты уақыт жағдайында әңгімелесу түрінде өткізу формасы болып табылады. Бұл арнайы технология болуы мүмкін(браузер терезесі әрбір қатысушы жаңа хабарлама жасаған сайын жаңаланады), бұл жерде нақты технологиялық негізіне мыналар жатады:


  • Форум;

  • Электронды пошта жәшігі, оған барлық қатысушылардың қатынасы орнатылған;

  • Жалпықатынас орнатылған құжат, оны процесс кезінде барлық қатысушылар түзете алады және толықтырылады.

Сонымен, инновациялық технологиялық аспаптарды оқу процессін ұйымдастыруын жаңа әдістемесімен пайдалану оқытудың принципті жаңа сапасын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда, оқушылардың негізгі ақпарттық құзіреттілігі қоршаған әлем болмыстарына едәуір адекватты қамтамасыз етіледі.

Дәстүрлі тәсілдермен салыстырғанда, бұлтты сервистер ірі инфрақұрылымдарды басқаруға, бір бұлттың шегінде әр түрлі қолданушылар топтарына қызмет етуге мүмкіндік береді, сонымен бірге бұлтты қызметтерді провайдерден толық тәуелділікте болады.

Бұлтты сервистердің қолданушысына оған берілетін сервистердің жұмысқа жарамдылығы қамтамасыз етілген инфрақұрылымның қамын ойлаудың қажеті жоқ. Баптау, кемшіліктерді жою, инфрақұрылымды кеңейту және басқа қызмет көрсету міндеттерінің бәрін сервис-провайдер өз мойнына алады.

Бұлтты қоймаларды келесі сервис-провайдер қамтамасыз етеді:



  • Drорbох - деректердің бұлттық қоймасы, деректермен бірлескен жұмыстың мүмкіндігі, клиент программасы арқылы берілгендерді синхронизациялау қызметі, көрсету, кроссплатформалы сервис;

  • SugаrSуnc - деректердің бұлттық қоймасы, коммерциялық;

  • Bох.nеt - деректердің бұлттық қоймасы, мобильді телефон арқылы түзету және қарап шығу мүмкіндігі бар;

  • ДискGооglе - тегін онлайн-офис және кіріктірілгенқоймасы бар GооglеDоcs ауыстырды;

  • ОреnDrіvе – қойма және ақпаратты ақшаға жүктеу мүмкіндігін береі;

  • Sуncрlіcіtу —кроссплатформалы ортада берілгендерді синхронизациялауды жүзеге асыратын программалы комплекс;

  • Wіndоws Lіvе SkуDrіvе —файлдарды сақтау мен алмастыру функциясы орындалатын бұлттық интернет-сервис ұйымдарына негізделген интернет-сервис;

  • Уаndех Dіsk  - тегін деректердің бұлттық қоймасы, Яндекс.народ ауыстырымы.

Бұлттық технологияларды білім беруде пайдалану мысалы ретінде электрондық күнделік және журналдар, оқушылар мен мұғалімдерге арналған жеке кабинеттер, интерактивті қабылдау және тағы басқаларды атауға болады. Бұған оқушылардың ақпараттармен алмасуды жүзеге асыра алатын тақырыптық форумдарды да жатқызуға болады. Және оқушының һз бетінше не мұғалімнің басшылығымен белгілі оқу есебі шешімін табу мақсатындағы ақпаратты іздестіруді де айта аламыз.

Ол үшін мыналарды пайдалануға болады:

- компьютер бағдарламалары;

- электрондық оқулықтар;

- диагностикалық, тест және үйретуші жүйелер;

- қолданбалы және аспапты бағдарламалық құралдар;

-телекоммуникациялық жүйелер (электрондық пошта, телеконференция);

- электрондық кітапханалар және тағы басқалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет