Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
ПӘНІНЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. ТҮСІНІКТЕМЕ
Білім алушылардың педагогикалық пәндерді онлайн режимінде тиімді оқыту үшін цифрлық ресурстарды қолдану білімдері мен дағдыларын дамыту. Курсты оқу нәтижесiнде студент мыналарды игеруi қажет:
сандық білім беру ресурстарын және олардың түрлері туралы түсінік алып, қашықтықтан оқыту және онлайн платформаларды пайдаланып, білім беру мақсатындағы таралған бұлттық, мобильді және смарт технологияларды оқытуда қолдану;
Пәнді оқыту міндеттері
«педагогикалық дизайн» ұғымын анықтау;
«цифрлық білім беру ресурстары» ұғымын анықтау;
«педагогикалық жобалау» ұғымын анықтау;
Цифрлық білім беру ортасының пайда болуы мен даму процестерін бақылау;
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны үдерісінің пайда болуы мен дамуын бақылау;
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайнының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайнының дидактикалық жүйесін қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |