БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Өзіндік жұмыстар реферат түрінде орындалады.
Рефераттың мазмұны мен көрнекілігіне қойылатын талаптар:
1. Рефераттың мазмұны оның жоспарына сәйкес келуі және тақырыптың мазмұнын ашуы керек.
2. Теориялық сұрақтарға жауап қысқа және дәл болуы керек.
3. Реферат анық, сауатты және мәтінде кездесетін сөздердің барлығы қысқартылмай, толық жазылуы керек.
4. Жұмыс соңында библиографиялық көрнекілік ережесін сақтай отырып, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету міндетті.
5. Реферат көлемі 5-7 беттен кем болмауы керек. Рефераттың сыртқы бетінде оқу орны, жұмыс тақырыбы, білім алушының аты-жөні мен оқитын тобы көрсетілуі тиіс.
Берілген пән бойынша реферат орындау пәнді оқу барысында маңызды орын алады. Мұнда білім алушы пән бойынша теориялық және практикалық дайындық деңгейін көрсетеді, яғни әдебиетпен өз бетінше жұмыс істей білу, есептеулерді компьютер көмегімен жүргізу әдістері мен жолдарын, программалық құралдарды таңдай білу, логикалық ойлау және қорытынды жасай білу қабілеттерін байқатады.
Білім алушыларға рефераттың тақырыптары және оларға сәйкес әдебиеттер тізімі ұсынылады. Таңдап алған тақырыпты толығымен ашу мақсатында білім алушылар қажетті әдебиеттермен жұмыс істейді және оған қажетті мәліметтер жинақтайды. Нәтижесінде тақырыпты баяндауда қажетті материал мен компьютерде орындалатын зерттеулердің, қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен дайындалған программалық қосымшалардың негізінде дайындалады. Пән ерекшелігіне сәйкес, рефераттың негізі ретінде жасалған ақпараттық жүйенің программасы, оның көмегімен орындалған есептеулер және олардың нәтижелері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |