Оқу-әдістемелік кешеніні


Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері



бет41/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері. Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор. Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны – тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген. Жаңа буын оқулықтарын оқытуда мұғалім сабақты тақырып мазмұнына сәйкес әртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін шыңдай түсуді қажет етеді. Ана тілі сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, туған тіліміз бен әдебиетімізді, ата тарихымызбен этнография, көркем өнер түрлері мен байланыстыра отырып, сол арқылы оқушыға жан-жақты икемді тәрбие берудің мүмкіндігі мол. Мысалы, 3 сыныпта ана тілінен «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесін өткізгенде бала санасына жететіндей түрлі проблемалық сұрақтар қоюға болады. Бұл сұрақтар оқушы ойын тереңнен қозғап, өз ойын ортаға салуға ұмтылдырады. А.Құнанбаевтың мына өлеңінен нені ұқтың?
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен қара жерге кірер денең, - деп неге айтқан? Оқушыларға осындай сұрақтар мен бірге деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады.
1-деңгейде жоғары ойлайтын балаларға: 1. Ш.Қалдаяқов кім? 2. Ш.Қалдаяқовтың әндерін ата? 3. Ән секілді аспанда қалықтайтын қандай құстарды білесің? 4. Аңыз арқылы сазгер нені меңзеп отыр.
2-деңгей оқушыларына: 1. Ақ құс пен қара құс суретін салу. Қарсы пікір айту. Мысалы, қара құс жақсы. Неге? Қара құсты жақтау.
3-деңгейге: (Мына сөйлемдерді дұрыс құра) 1. Жылап отыр, қара құс, екен, егіл-тегіл болып. 2. Қолыма, түссең, ант, аямаймын, енді, деп, берді.
Тағы да басқа түрлі осындай тапсырмалар барысында баланың шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашуға болады. Мысалы,
1. ға буыны арқылы: Барды бала қора + ға, Шықты атам дала + ға
Осындай буындар арқылы өлең шығартуға, құрастыруға болады. Мысалы, алма сөзінің ұйқасын табу: 1. Алма, алма. 2. Қалтаңа салма. 3. Соңымнан қалма.
4. Бұзық болма.
Бұл оқушылар бойындағы ақындық, дарындылыққа жол ашатын бірден-бір жол. Дәл осындай сабақтың әр кезеңінде түрлі шығармашылық жұмыстар көптеп жүрсе, оқушы белсенділігін арттырып, белестерге жетелейді.
Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет