Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»



бет1/2
Дата20.12.2023
өлшемі3,3 Mb.
#141724
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Аханга сайтұа салу үшін


Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбындағы фотокаллаж туралы
МӘЛІМЕТ
Мерзімі: 07.11.2023жыл
Мақсаты:Оқушыларды «Талап» құндылығына тәрбиелеу.

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» атты тақырыбы бойынша коллаж жарысы өткізілді . Мақсаты: балалардың күзгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру. Күзгі өнімдердің бейнесін жасау.


Осы мақсатта 5-9 сынып оқушылары арнайы плакатқа «Күз» бейнесін салы, өз туындыларын қорғады.

Мәліметті дайындаған


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сыздықова
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша « Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өткізілген «Біз темекі шегуге қарсымыз!» тақырыбындағы акция туралы
МӘЛІМЕТ

Мерзімі: 17. 11.2023жыл


Мақсаты: Есірткіге қарсы күресті ұйымдастыру, оқушыларды салауатты өмір салтын алыптастыруға тәрбиелеу

Қараша айының 17 күні Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушылары «Жастар есірткіге қарсы» желісінде өткізілген акция ұйымдастырды. Акция барысында оқушылар есірткіге қарсы суреттер салып, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жанат Арайлым «Біз темекі шегуге қарсымыз!» тақырыбында перзентация арқылы оқушыларға ақпараттандыру жұмысын жүргізіп түсіндірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сыздықова Ғасырымыздың үш аждаһасы, заманымызға төнген қауіп екендігін түсіндірді.Оқушыларға есірткі, темекі, алкоголь адам өміріне ең қауіпті екенін айтып, әрбір адам салауатты өмір салтын өз үшін ұстану керектігін ескертті. Бір жеңнен қол шығарсақ қана нашақорлықты жеңетіндігімізді түсіндірді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері келіп, анаша, есірткі, арақ, темекі сынды зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізер зияны жайлы,адам өміріне балта шабатын іс-әрекет екенін оқушыларға түсіндіріп,қоғамда болып жатқан өрескел қылмыстарды хабардар етіп, бұл жағдайға бей – жай қарай алмайтындықтарын атап өтті. Осындай акция, игілік шаралардан оқушылардың алар тәлім – тәрбиесі зор екенін айтты. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын десек, басымызға төніп тұрған аждаһалардан құтылайық. Оларға қарсы тұрып, бәріне бірауыздан «ЖОҚ» дейік. Жасампаз, тәуелсіз еліміз сонда ғана көк байрағы желбіреп, көгілдір аспанда мәңгі қалықтамақ деп сөздерін қорытындылады.





Мәліметті дайындаған


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сыздықова
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша « Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өткізілген «Ұлттық ойын ұрпаққа аманат» тақырыбындағы асық ойыны туралы
МӘЛІМЕТ
Мерзімі: 17.11.2023жыл
Мақсаты: Қазақтың дәстүрлі ойындарын насихаттау.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын орындау мақсатында 17 қараша күні “Төрт тоқсан - төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында “Асық ату” челленджі өткізілді. Өткізілген челлендж мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін және елдің мәдени мұрасын сақтауға, ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталды. Ұлттық ойындардың бірі – асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Сондықтан мектепте ұлттық ойын түрлерін жаңғырту және насихаттау үшін оқушыларды асық ойынына баулу басты құндылықтардың бірі болып табылмақ. Қыздар арасында «Бес асық» ойыны қыздарды ептілікпен алғырлыққа тәрбиелесі, ұлдар арасындағы «Бес табан» ойыны мергендікке тәрбиелейді.

Мәліметті дайындаған
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Сыздықова
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша « Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өткізілген психологиялық кеңес туралы
Мәлімет
Мерзімі: 16.11.2023ж
Мақсаты: «Бүкіләлемдік төзімділік күні» аясында психологиялық кеңес беру.
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша мектеп психологы Жақсыпейілова Бағлан 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында «Бүкіләлемдік төзімділік күні» тарихына тоқталып өтті.
Декларация 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-ші Бас конференциясында (5.61 қарары) бекітілді. Декларацияда төзімділік (толеранттылық) «біздің әлеміміздің аса бай көп түрлі мәдениетіне, өз-өзін таныту формаларына және адамның жеке даралығын көрсету әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс түсіну» мағынасында көрсетілді. Декларацияға сәйкес, «адамдар табиғатынан сыртқы келбеттерімен, беделімен, сөйлеу мәдениетімен, тәртібімен, құндылықтарымен ерекшеленеді және бейбітшілікте өмір сүру, өзінің даралығын сақтап қалу құқығына ие». 1996 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүше-мемлекеттерге жыл сайын 16 қараша күні Халықаралық төзімділік күнін атап өтуді ұсынды. Соңғы жылдары бүтін әлем бойынша төзімсіздік, экстремизм және зорлық-зомбылық оқиғаларының күрт өскені байқалды. Бұл қауіп тудыратын үрдіс пікірлер мен қызығушылықтар тұрғысынан емес, адамдардың өзіндік ерекшелігі тұрғысынан туындап отыр. Нәтижесінде жекелеген адамдар және бүтін қауымдар өздерінің этникалық, діни, ұлттық немесе өзге де өзіндік ерекшеліктеріне байланысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің нысаны болып келеді. Қате түсініктен болатын мұндай қауіптерге, мейлі олар кең ауқымды геноцид немесе күнделікті кемсітушілік болсын, әрбір адам оған қорқынышпен қарауы тиіс деді. Егерде өзге адамдардан зорлық-зомбылық немесе қысым көрген жағдайда арнайы қауырт желіге хабарласу керектігі ескертілді. Осы мақсатта мектепте өткізіліп жатқан іс-шараларға да белсене қатысып, ақпараттандыру жұмыстарына назар аудару керек деп өз кеңесін айтты. Сонымен қатар оқушылармен ситуациялық сұрақтар қойып, өзара пікірлер алмасты.

Мәліметті жазған:
Директордың әтрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сыздықова Г.



Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламсын жүзеге асыру мақсатында «Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік!» тақырыбында өткізілген іс-шаралар туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет