Оқу жағдаяттары – сабақта оқушының өзіндік зияткерлік белсенділігін дамытудағы маңызды компонент



Дата23.10.2022
өлшемі22 Kb.
#45044
түріСабақ
Байланысты:
Оқу жағдаяттары сабақта оқушының өзіндік зияткерлік белсенділігін дамытудағы маңызды компонент Қыдырбаева Сымбат


Оқу жағдаяттары – сабақта оқушының өзіндік зияткерлік белсенділігін дамытудағы маңызды компонент
Бүгінгі күні Қазақстандағы білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалуда.Жаңа оқыту бағдарына бет бұру- күн тәртібіндегі басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрынғы қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғарғы талаптар қояды. Бұл талапты мұғалім жүзеге асыру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске ала отырып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту,өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету мұғалім қызметінің басты міндеті. Оқуға зауқы жоқ ,үлгерімі нашар деген баланың бойынан жоқ дегенде бір жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың ерекшелігін көре алатын мұғалім ғана өз ісінің маманы ретінде танылады
Жас ұрпақ жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр ұстаздың шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.
Бастауыш білім –берудің алғашқы басқышы. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,қолымен ұстап , көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан менің алға қойған мақсатым-оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру ,балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.Яғни бұл-бүгінгі күннің талабында.
Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс -тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Мен өзімнің іс тәжірибемде « Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп, оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жаңа формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу-нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу- тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Инновациялық технология бұл әдістердің бастамасы, яғни интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын ұйымдастыру. Көптеген инновациялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология- Сын тұрғысынан ойлау жобасы, Модульдік оқыту технология. Деңгейлеп - саралап оқыту және т.б түрлері бар
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Менің өз істәжірибемде әдебиеттік оқу сабағынан өткізген Арыстанның тілі қайда »деген тақырыптағы сабағыма тоқталып өтейін. 
Оқушыларды топқа бөлу.
Мен бұл сабақта мынандай стратегияларды қолдандым:
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
Ерекше әсер еткен тұсы Сол туралы өз пікірің
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
4-ші «Әдебиет үйірмесі» стратегиясында -берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топқа бөлдім.
1- топ. Баяндаушылар.Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.
2-топ Сілтеме табушылар.Мәтіннің шарықтау шыңы неде болды?
3-топ.Сұрақ қоюшылар.Егер осы мәтіндегі архитекторға жолыға қалсаң, қандай сауал қаяр едің?
• Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Оқушыға:
-өз ойын ерін айтуға мүмкіндік беру;
-ойын дамыта өзгертуіне мүмкіндік беру;
-Шығармашылық жұмыстағы еркіндікке мүмкіндік беру;
-кез келген мәселені өзінше шешуге мүмкіндік беру:
-баға беруге ,таңдау жасауға мүмкіндік беру;
-оқығанын өмірмен байланстыруына ,өмірде қолдана алуына мүмкіндік беру.
Мен өзімнің іс тәжірибемде негізге қойған міндетім-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке,қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды. Осы мақсатта өзімнің оқушыларымды шығармашылыққа баулу үшін түрлі әдіс- тәсілді қолдандым:
1.Мәтінді « Болжау»стратегиясы арқылы оқыту.
2.Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу.
3.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыстар.
4.Биопоэма стратегиясы.
5.Қиялдау арқылы рөлге бөлдіру, оқыту.
6.Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құру.
8. Өз ойларын еркін жазу.
9..Топтастыру стратегиясы.
10.Тақырыпты жан-жақты қарау,сұрақ –жауап әдісімен талдау.
1.Арнаулы бір тақырыбына Болжау стратегиясы бойынша талдау жасау.
Кітап оқуға құмарлықты қалай тудыру керек деген мәселе барлығымызды ойландырары сөзсіз.Қызығушылығын арттыру арқылы ғана бала кітапқа құмарланады. Болжау стратегиясы кез келген сабақтың « Қызығушылықты ояту» кезеңінде қолданамын.Бұл мен үшін ең басты мәселе.Сонымен қатар оқушы барлық жұмыстарды өзінің шығармашылық қайнауынан өткізу арқылы ғана сабақты бағалап , мәселені шешуге ұмтылады. Ал сол арқылы ешкімге ұқсамайтын жол іздейді,өзінше болжайды және сол болжамды мен мән беріп тыңдауым керек.Бұл бастауыш сынып оқушысы үшін соншалықты маңызды екенін білемін.Болжау стратегиясын қолдану арқылы менің ұтқаным оқушы өтілетін жаңа тақырыпты алдын ала оқып,сол тақырыпқа қосымша деректер іздеп тауып келіп жатады.
Мен сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамыттым. Үйде мәтін бойынша ұнаған көрінісіне сурет салып келу тапсырылады. Бұл тапсырманы оқушы ерекше ынтамен орындап келеді.Бұл жерде мен тапсырманы түрлендіріп берудің тиімділігін байқадым.
Заман талабына сай технологиялық ақпараттарды қолданып, олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаз борышы деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Е.Сарманов, С.Сапаров «Сабақта жаңа технологияларды қолдану»
2.Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы 2002ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет