«Доппен бірге қошемет, тілек, сұрақ» ойын-тренингі
Барлығы шеңберде отырады немесе түрегеп тұрады. Бастаған адам қандай да бір қошеметті, тілекті айтады немесе қатысушылардың нақты біреуіне сұрақ қояды да, оған доп лақтырады. Допты ұстап алған адам да біреуге допты лақтырып, сонымен бір уақытта қошемет немесе тілек айтуы тиіс. Егер сұрақ қойылса, алдымен сұраққа жауап беріп, содан соң өз сұрағыңды қойып, кімге сұрақ қойсаң, сол адамға доп лақтыру керек..
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру стратегиясы
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді.
Болашақ ұстаз ретінде, сізді осы мәселе толғандыра ма?
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |