Оқу жылы Алғашқы қоңырау Тақырыбы: 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын Мақсаты



бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі25,15 Kb.
#48433
  1   2   3

«Алғашқы қоңырау»
1-қыркүйек-Білім күніне арналған салтанатты жиын
2022-2023
оқу жылы

Алғашқы қоңырау
Тақырыбы: 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну
білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, жалаушалар, ұлағатты қанатты сөздер.

Барысы:


1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.
Білім күні бар бала, құшақ-құшақ гүл алып, мектебіне шаттана, жиналады қуанып
2-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім, берекем. Шәкірттерің өрістесін, өрлесін, Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
Мектеп ана күтіп бізді тұр тағы Шақырады білімнің ақ нұр таңы , Асығады « Әліппені» алуға. Халқымыздың тағы бір жас ұрпағы- дегендей,білім айдынында жүзген мектеп-кемені бүгін бүлдіршіндер қатары толтыруда. Сондықтан бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерге арналады.
1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі күн сіздер үшін ерекше, себебі біреуіңіз балаңызды, енді біреуіңіз немереңізді жетектеп білім ордасына әкелдіңіздер. Бұлар ертегі әлеміндегідей ғажайып мектептің табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Ендеше барша қауым асыға күткен, аңсап жеткен Білім күні мерекесі, жаңа оқу жылы құтты болсын!- деп сіздерді тағы бір мәрте құттықтаймыз.


2-жүргізуші:
Гүлге толы өңірлер, Балғын жүзбен балауса. Алып ұшқан көңілдер, толқымасын қалайша. Біреулер енші алып өмірден, Аттаңбақ болса қырды асып, Біреулер балғын көңілмен Алғашқы қадам тұр басып.
1-жүргізуші: Сондықтанда назарды,
Солар жаққа бұрайық.
Балдырғандар базарлы,
Қарсы алып қол соғайық.
Бәріміз білім кемесін толықтырған бүлдіршіндерімізді қарсы алайық!
( Музыка ойнайды, 1 сынып оқушылары мен мұғалімдері кіреді
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Кешегі сәби балаңыз Жарады міне қараңыз. Ғылым, білім жолына, Енді қайық саламыз Қош келіңдер, балдырғандар, Қадамдарың құтты болсын! Мектеп мынау есік ашық, Тек әдебің мықты болсын!
2- жүргізуші: Бірінші қыркүйек күні мен.
Аңқыған жұпары гүлімен
Келіп ең қарсы алды мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен. – дей келіп бүгінгі «Алғашқы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет