Әдістемелік жұмыстардың есебі: ІІ. 2022/2023 оқу жылындағы мектеп туралы жалпы сипаттама
2022-2023 оқу жылының жылында №96 жалпы орта мектебінің педагогтар ұжымы 138 адамды құрады. Соның ішінде білімі бойынша:
· Жоғары білімдісі: 138 · Арнайы орта білімдісі: жоқ Біліктілік санаты бойынша: · Жоғары санаттылары – 1 Педагог-зерттеуші – 17 · Бірінші санаттылары - 3 Педагог-сарапшы - 38 · Екінші санаттылары - 2 Педагог-модератор - 46 Педагог санаты – 31
ІІІ. Әдістемелік жұмыс Мектептің әдістемелік қызметінің негізі – бұл пәнаралық әдістемелік бірлестік. Біздің мектепте 12 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; өзбек тілі мен әдебиеті; шетел тілі; бастауыш сыныптар; тарих; география; математика, информатика және физика; көркем еңбек және музыка; дене шынықтыру, химия және биология.
Әдістемелік бірлестіктің отырыстары әр тоқсанда өткізіліп тұрады. Онда 2022-2023 оқу жылына арналған мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды. Әдістеме бірлестіктің жылдық жоспары талқыланып, бекітілді.
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жоспары құрылып, мектеп басшысы тарапынан бекітілді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін «Өрлеу» БАҰО және ПШО жанындағы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
2022-2023 оқу жылында біліктілік арттыру курсынан 17 мұғалім өтті.
ІV. Мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстарынан өтуі: