2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар жиналысының хаттамасы №2/1
10 "А" сынып
Қатысқандар саны: 15
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
Собачий кайф ойыны
Тыңдалды: Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Рыстеева Назира Синий кит» ойынының орнына «Розовая Фея», «Собачий кайф» және тыртық қалдыру квестері пайда болды
Бүгінде жасөспірімдердің арасында арты өлімге алып келетін ойындар кеңінен тарап кетті. Көктемде бәрі «Синий кит» деген ойыннан кейін өздеріне қол жұмсаса , бүгінде украиндық балалар «Розовая фея» мен «Собачий кайф» ойындарына қызуғышылық білдіруде деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі
Балалардың атышулы ойындармен ойнап атаққа ие болғысы келсе, тыртық арқылы өзгелерді ғашық қылдырмақшы екені белгілі болды
«Розовая фея» 12 жастағы өспірімдерге арналған «Синий кит» тектес «Квест Феи Винкс» ойыны өз аудиториясын тез жинады. Бұл ойынға іліккендердің көбісі қыздар. Әрине, әр кішкентай қыздың арманы – мейірімді және әдемі перизат болу. Бұл ойын компьютерлер мен планшеттерде де бар. Бір қарағанда, сүйкімді, әдемі, еш зияны жоқ перизаттардан жамандық күтпейсің. Бірақ, квестке іліккендер қаншама? Ойынның бірінші тапсырмасы: терезеге жақындап, төменденде не тұрғаның айтып беру. Ал соңғы тапсырмасы: түнде бәрі ұйқтап жатқанда оянып, керуетінді 3 рет айналып, дуаны айту. Кейін ас үйге барып, сіріңкені жандырмай, газды қосып әрі қарай ұйықтау. Таңертең перизат болып ояну үшін барлық шарттарды орындауы тиіс. Бәрі балаларды бұл үлкен құпия екеніне сендіруден басталады.
2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында өткізілген ата- аналар жиналысының хаттамасы №3 /1
10 "А" сынып
Қатысқандар саны: 15
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
Әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан қауіпті ойындар.
Тыңдалды: Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Рыстеева Назира Жүсіпбек Аймауытов «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге», – деп орынды айтқан. Бүгінде әлеуметтік желіге тәуелді болған пенде күніне сағаттап интернетте отырып, айналасындағы барлық дүниелерді ұмытып, адамдармен қарым-қатынасын үзіп, ақыр соңы денсаулығын жоғалтып, түрлі ауруларға шалдығып жатады. Бар уақыты мен күш-қуатын, қарымы мен қабілетін ғаламторда сағаттап отыруға жұмсайтындар жалпы қоғам алдындағы міндеттерін ұмытып, түбінде қолайсыз жағдайларға тап болып, тұрмыста да ауыртпалықтарға ұшырап жатады. Үлкендерден үлгі алатын балаларымызды «түзеу мен бұзуға» сол телефон мен ғаламтордың «өнегесі» қаншалықты!? Осы тұрғыда ата-ана мен арнайы мамандардың желінің пайдасы мен зияны туралы пікірін білуді жөн санадық. Желі жетегіндегі жеткіншектер жайы қоғамды алаңдатуда. Болашағымыз – балалар оқу мен білімге құштар болар шағында телефонға телмірумен уақытын зая кетіруде. Ал ғаламтор желісінің физикалық та психологиялық жағынан зияны бар екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп берген. Ең алдымен баланың көру қабілеті төмендейді. Бүгінде көзілдірік таққан бүлдіршіндердің саны көбеймесе, азаймай отырғаны бұған айқын дәлел. Сонымен қатар, компьютер алдында көп отыру жасөспірімдердің омыртқа сүйегін де зақымдайды. Ол аз десеңіз, интернеттегі құмар ойындар, зиянды бағдарламалар жасөспірімдер мен жастардың санасын улап, сол виртуальді әлемге ақыл-ойы қалыптаспаған ұл-қыздарымыз еліктеп, тіпті, естерінен айырылып жатқаны өтірік емес. Көпке топырақ шашуға болмас. Көп уақытын білімін дамытуға, спортқа арнайтын жастар да баршылық. Десек те, желі қуып, желіккен жастар жағы таразының бір жағын басып бара жатқанын ешкім жоққа шығара алмас.
Шешім: 1.Оқушылардың қандай әлеуметтік желіде отыратыны бақылауға алынсын.