Ұсынба: Өзін-өзі басқару ұйымына оқушыларды тарту шараларын жүргізу. Қоғамдық шараларға тарту жұмыстарын жүргізу.
2022-2023 оқу жылы қыркүйек – сәуір айларында «Парасат дебат» клубының өткізген шаралары қорытындысы бойынша
Анықтама
Дебат ойындарында білім алушылардың ой ұшқырлығын дамыту. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісін ойын барысында дамыту
Міндеттері:
Оқушыларды шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру
Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау
Талантты жастарды ынталандыру
Оқушылардың жауапкршілігі мен танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу
Оқушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу
Күтілетін нәтиже
Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді
Оқушыларды һз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады.
Саяси сана сезімі, қоғамға көзқарасы ерекшеленеді
Дебат клубының жұмысы барсында клуб мүшелерінің базасы қалыптастырылды.Отырыстар оздырылып, дебат туралы түсінік қалыптастырылды. Және де бірнеше тақырыпта жоспарға сай 8-9 сыныптар арасында дебаттар өткізілді. Соның ішінде: БП «Жастардың бойында патриотизмді арнайы тәрбиелеу қажет» деп есептейді, БП « Баға қою оқушыларды бағалаудың тиімді жолы» деп есептейді, БП «Ата-аналар өз балаларының қылмысына жауапкершілік алуы керек» деп санайды, БП «Стандартталған тестілеуді жою керек» деп есептейді, БП «Мектептерде жыныстық тәрбие міндетті түрде болуы керек» деп есептейді, БП «Үй тапсырмасына тыйым салу керек» деп есептейді.
Ұсынба: Дебат клуб мүшелерін білімге тарту мақсатында кітапханамен байланысты нығыздандыру. Және де мұғалімдерді дебатқа қатыстыру шараларын қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |