Оқу жылы мектепалды даярлық тобына 5 тәрбиеленуші қабылданды



Дата05.06.2023
өлшемі15,59 Kb.
#98859
түріБағдарламасы

Хабарлама
2022-2023 оқу жылы мектепалды даярлық тобына 5 тәрбиеленуші қабылданды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығына сәйкес Мектепалды даярлық тобы оқу бағдарламасына өзгерістер енді. Балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, математика негіздері, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен жұмыстар жүргізілуде.
Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Физикалық даму арқылы балалар сапта тұруды, қозғалыс бағытын өзгертіп, тепе-теңдікті сақтауды, жаттығу жасауды, әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен қозғалуды, музыкалық қарқынға сай қимыл жасауды, адам ағзасы және оның қызметтерімен танысып, гигиеналық шараларды дұрыс ұстану мен салауатты өмір салтының құндылығын түсініп, мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіруде.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Балалардың түрлі іс-әрекеттінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Сауат ашу негіздері арқылы қолды жаттықтырып, жазуға дайындап, әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйретіп, ауызекі сөйлеуді дамыту бойынша іс-әрекеттер жүргізілді. Сөйлеуді дамыту, сауат ашу бойынша әріп элементтері, сөздегі буындардың санын анықтайды, ауызша буынға бөледі, сондай-ақ сурет бойынша әңгімелеп, өз ойларын ашық жеткізе білуге дағдылануда. Әріп элементтерін жазу арқылы қаламды дұрыс ұстай алады, жазу парағында бағдарлай біледі. Геометриялық фигуралардың, көкөністер мен жеміс-жидектердің бейнесін бейнелеп, бояйды. Қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды балалар қызығушылықпен орындайды. Санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтып, жұмбақтардың жауабын табады. Шығармашылықпен әңгімелеуді, ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылау мен суреттер бойынша сипаттау және сюжет құрастыру дағдылары дамуда. Ертегілермен танысып, кейіпкерлерін сахналық сюжеттеп, белгілі образды сомдауға бейімделуде.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке қабілеттерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады. Балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту негіз болып табылады. Зейінді есте сақтау арқылы 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды, тең және теңсіздік белгілерімен сандарды салыстыра алады, заттардың көлемін, пішінін, түсін, өлшемін анықтай біледі және геометриялық пішіндерді ажыратады, атайды. Апта күндерін, жыл мезгілдері бойынша айларды ретімен атайды. Логикалық ойын тапсырмаларды орындайды.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша құрастыру, жапсыру, сурет салу, мүсіндеу, музыка оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылады. Балалар көбіне шығармашылық бағытында жұмыс жасағанды ұнатады. Ермексаз, жапсырма қағаздар, бояғыштарды пайдаланып, пішіндер, бейнелерді бейнелеп, құрастырғыштармен құрастыруға қабілетті. Түрлі музыкаларды тыңдап, баллар әндерін жаттап, сергіту жаттығуларын жасайды.
Оқу іс-әрекетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қызықты ойын түрінде, сюжеттік сахналау бойынша ұйымдастыру балалардың қызығушылықтарын арттыруда. Әртүрлі оқу іс-әрекеттеріне қарай балалардың оқу деңгейлері әртүрлі болды. Әр тәрбиеленушіге жекелей тоқталып өтсем:
Алпысбаева Айтұмар – оқу іс-әрекеті барысында ауызша және жазбаша тапсырмаларды жылдам орындайды. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санай алады, түстерді ажырата біледі, геометриялық фигураларды таниды, әріп элементтерін жақсы біледі. Топпен бірлесе жұмыс жасауда тұйық мінез танытады.
Еламанов Нұрайдын – оқу іс-әрекетінде әрдайым ұтқырлығымен көзге түседі. Берілген барлық тапсырмаларды мұқият әрі тез орындайды. Меңгерген сандарды, әріптерді таниды, буынға бөле алады, ауызша жауап беру, әңгімелеу қабілеті жақсы дамыған.
Мұхамбетқали Айкүміс – оқу іс-әрекеті барысында тапсырмаларды жылдам орындайды, түстерді ажыратады, меңгерген сандарды тура және кері санай алады, топпен жақсы әрекет жасайды. Пішіндерді ажырата біледі. Сурет бойынша әңгіме құрай алады.
Жаңабаев Балаби – оқу іс-әрекеті барысында өте мұқият орындай отырып, баяу қозғалады. 1-ден 10-ға дейін тура, кері санайды, әңгіме құрай алады, түстерді, пішіндерді ажыратады. Кейіпкерлерді сахналағанды ұнатады.
Аққұс Ұлжанай – оқу іс-әрекеті барысында өте баяу қозғалады. Әңгімелеу, ойын ауызша жеткізу қабілеті төмен. Қарым-қатынас барысында кері байланыс жасай алмайды. Деңгейіне қарай ата-анасымен үнемі байланыс орнатылып, қосымша тапсырмалар беріледі.
Мектепалды даярлық тобындағы тәрбиеленушілердің оқу деңгейі атап өткендей, алдағы уақытта тағы да жұмыстар жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет